Басшылық
Смагулова Газиза Ажмагиевна
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап м.ғ.к., доцент Смагулова Ғазиза Ажмагиевна фармакология, клиникалық фармакология кафедрасын басқарады.
Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын үздік бітірген (1986)
Медицина ғылымдарының кандидаты (1992)
Жоғары санатты дәрігер-терапевт, кардиолог, клиникалық фармаколог
“ҚР денсаулық сақтау үздігі” – 2011ж.
Г.А. Смагулованың басшылығымен ғылыми-педагогикалық кадрлар даярналуда: 5 – магистр; 3– РhD докторы және үш РhD диссертациялық жұмыстары ізденіте. Батыс Қазақстанның барлық өңірлері үшін 40-тан астам клиникалық фармаколог мамандарды резидентурада оқытып, практикалық денсаулық сақтауға қызмет ету үшін дайындап шығарды.
Жетістіктері:
100 –дан астам ғылыми жұмыстар авторы: 8 – Web of Sciences базасында; 2 – Scopus-та; 10– авторлық куәлік, 1 – дәрігерлерге арналған оқулық құралының авторы, 1-оқу құралының авторы.
Хирша индексі: Web of Sciences – 2; Scopus – 2.
Кадрлық құрам:
Мавлюдова Надия Маликовна – медицина ғылымдарының докторы, кафедра профессоры
Мусина Айгуль Закариевна – кафедра доценті, PhD
Нургалиева Жансулу Жумабеккызы – медицина ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті
Әзірбаева Перизат Серікқалиқызы – медицина ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Балапашева Әйгерім Алдиярқызы – оқытушы
Қайбағарова Индира Боранбаевна – оқытушы
Сейтжанова Әйгерім Сейтжанқызы – оқытушы
Ахметова Айжан Сағынбайқызы – оқытушы
Сманова Ұлбосын Сәулебекқызы – оқытушы
Қазанғапова Жұлдыз Амангелдіқызы – кафедра ассистенті
Аблакимова Нұргүл Еркінқызы – кафедра ассистенті
Есенгубекова Асемгуль Бауржановна – кафедра ассистенті
Тагаева Гульсара Жақсылыковна – кафедра лаборанты
Нұрмағанбетова Сағыныш Амангельдиевна – кафедра лаборанты
Мақсаты:
Білім беру бағдарламаларына сәйкес оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу. Магистратура және докторантура бағдарламалары аясында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, сондай-ақ оқыту семинарларын өткізу арқылы олардың біліктілігін арттыру. Ғылыми зерттеулерді дайындау және жүргізу, сондай-ақ өз бетінше де, ғылыми жобалар шеңберінде де кафедра қызметінің негізгі ғылыми бағыттары бойынша алынған нәтижелерді енгізу. Ғылыми зерттеулерді дайындау және жүргізу, сондай-ақ өз бетінше де, ғылыми жобалар шеңберінде де кафедра қызметінің негізгі ғылыми бағыттары бойынша алынған нәтижелерді енгізу. Оқу процесіне инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, жұмыс берушілермен және білім беру және денсаулық сақтау органдарымен сыртқы байланыстарды дамыту. Жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының білім беру бағдарламаларын іске асыру.
Ашылу тарихы:
Фармакология кафедрасы 1959 жылы құрылған. Кафедраның алғашқы ұйымдастырушысы және жетекшісі медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Василий Михайлович СЕННИКОВ болды. Содан кейін медицина ғылымдарының докторы, профессор, Дағыстан Республикасы ғылымының еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді. Оның жетекшілігімен кафедрада хроммен улануды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын дәрілерді зерттеу жұмыстары жүргізілді.
65 жылы кафедра жетекшісі қызметіне м.ғ.к., доцент Бабкен Ашотович ВАРТАЗАРЯН тағайындалды. Оның жетекшілігімен бауырдан тыс өт жолдары мен ұйқы безінің патологияларында өт түзу мен өт шығарудың мәселелерін ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.
1968 жылдан бастап медицина ғылымдарының докторы, профессор Турегельды Шарманович ШАРМАНОВ институт ректоры және де фармакология кафедрасының жетекшісі қызметтерін бір мезгілде атқарды (қазір – Қазақ тағам академиясының Құрметті Президенті, ҚР ҰҒАР, ҰҒА, және АПМ академигі, ҚР Мемлекеттік Сыйлығының, «Тарлан» сыйлығының және халықаралық «За выдающийся вклад в здравоохранение» Леон Бернар сыйлығының лауреаты). Т.Ш. Шарманов институттың 8 кафедрасының қызметкерлерін біріктіріп, фармакология кафедрасының базасында сау және науқас адамның тамақтануы туралы кафедрааралық ғылыми лаборатория ұйымдастырды.
КӨЗДЕНБАЕВА Раиса Салмаганбетовна – Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының түлегі, 1971-2001 жылдар аралығында кафедраға жетекшілік етті. 1994 жылдан бастап Р.С.Көзденбаеваның басшылығымен кафедрада жергілікті өсімдіктердің шикі затынан дайындалған препараттардың фармакологиялық қасиетін ғылыми зерттеудің жаңа бағыты іске асырылды.
2001 жылы кафедра биохимия кафедрасымен біріктірілді және 2003 жылға дейін медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағидолла Елемесович ИМАМБАЕВ жетекшілік етті.
2003-2010 жылдары аралығында АқММИ түлегі – МАВЛЮДОВА Надия Маликовна кафедраға жетекшілік етті.
2010 жылдан 2013 жылға дейін АқММИ түлегі – САХАНОВА Светлана Калиуллаевна кафедраға жетекшілік етті.
2013-2016 жылдары Университетіміздің түлегі – ИСКАКОВА Сауле Сагынгалиевна кафедраға жетекшілік етті.
2016-2021 жылдары аралығында Университетіміздің түлегі Нургалива Жансулу Жумабеккызы кафедраға жетекшілік етті.
2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кафедра жетекшісі қызметін Смагулова Газиза Ажмагиевна – медицина ғылмдарының кандидаты, доцент атқарып келеді.
Кафедра қызметі:
Фармакология, клиникалық фармакология кафедрасының қызметі 3 негізгі бағытқа негізделген: оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстары.
Кафедрада сабақтар келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: жалпы медицина, әскери медицина, стоматология, мейірбике ісі, фармация, денсаулық сақтау.
Кафедра сонымен қатар резидентура, магистратура және PhD докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды. Кафедраның құрылған жылдарында кафедрада дүние жүзінің мыңдаған дәрігерлері дайындалды және әлі күнге дейін ұстаздарын сүйіспеншілікпен және жылы лебізбен еске алады.
Қазіргі уақытта кафедрада 1 медицина ғылымдарының докторы, 2 медицина ғылымдарының кандидаты,1 PhDдокторы, 2 доцент, 1 профессор, 2 медицина ғылымдарының магистрі жұмыс істейді және штаттағы оқытушылардың ғылыми үлесі 70% құрайды. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы аясында 4 қызметкер докторантурада оқиды. Профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын өз мамандығы, оқытудың инновациялық әдістері, шет тілдерін меңгеру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Кафедра қызметкерлері университет өміріне, оқу, ғылыми және оқу үдерісіне қатысты барлық іс-шараларға белсене қатысады. Кафедра профессорлары қоғамдық ұйымдарға, жұмыс топтарына, Кеңестер мен комитеттерге мүше ретінде қатысады.
Жетістіктері:
2012/2013жылдары кафедрада Магистратура» (6М110100), «Докторантура» (6D110100) ғылыми-педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды дайындау басталды. 2013-2016 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің бойынша «Балалар денсаулығын және репродуктивті денсаулықты қорғауда жаңа технологиялар дайындау» (№ ГР 0114РК00485) мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында К.Марчинковский атындағы Познань медицина ғылымдары университетінің (Польша) фармакология және иммунология кафедраларымен бірігіп ғылыми зерттеулерді орындалды. Кафедрада магистранттар мен доктаранттар қант диабетінің 2 түрі фармакотерапиясының тиімді әдістерінің мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер әзірленуде. Ғылыми жұмыс шетелдік әріптестермен: Marzena Dworacka (MD, PhD, рrof. Department of Pharmacology Poznan University of Medical Sciences, Poland) және Grzegorz Dworacki (MD, PhD, рrof. Department of Clinical Immunology Poznan University of Medical Sciences, Poland) тығыз байланыста жүргізілді.
Кафедраның негізі қаланғаннан бастап-ақ студенттердің ғылыми үйірмесі қызмет етуде. Әр жылдары белсенді үйірмешілер: Б Минаев (қазір медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ставропольск медицина институтының ректоры), Н. Нистратов, Н. Мавлюдова, Г. Байдосова, Н. Овчаренко, Д. Осокин, Д. Демчук, Ж. Оралбекова, Д. Жолдыбаева, К.Оразбаева және т.б. болды.
Қазіргі уақытта кафедрада «Фитофармаколог» СҒҮ жұмыс жасауда, белсенді үйірмеші-студенттері студенттік, республикалық және халықаралық конференцияның, симпозиумның, конгресстердің қатысушылары және ғылыми жүлдегерлері атанып жүр. Кафедрада 40-тан астам ғылым кандидаттары және докторлары, 5 PhD докторы, 7 магистр дайындалды, 1800-нан астам ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар жарияланған.
Байланыс:
Ақтөбе, Маресьев көшесі 68, № 1 оқу корпусы, 2-қабат, оң қанат.
Эл.почта: Clinicpharma@zkmu.kz