Фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасы

Басқару: Дильмагамбетов Данияр Саруарович

Ғылыми дәрежесі/атауы: м.ғ.к., доцент.

1998 ж. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының түлегі. ҚР ДСМ ТМҰО-да аспирантураны бітіріп, 2002 ж. «Туберкулез микобактериясының біріншілік дәріге тұрақтылығындағы алғаш рет анықталған әкпе туберкулезінің клиникасы, диагностикасы және емі» тақырыбында 14.00.26 – фтизиатрия мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2009 ж. доцент ғылыми атағы берілді. Жоғары санатты дәрігер-фтизиатр.

Басылымдар: 136 ғылыми-тәжірибелік жұмыстар, оның ішінде 4 мақала (Scopus), 2 Қазақстан Республикасының патенті, 1 оқу құралы, 8 бірлескен авторлық оқу құралы, 1 әдістемелік ұсыныс.

Ғылыми басымдықтары: дәріге төзімді туберкулез проблемасы, туберкулезді диагностикалау және емдеу әдістерін жетілдіру.

Персонал құрамы:

Т.А.Ж.

Қызмет атауы

Ғылыми/академиялық дәрежесі, ғылыми атағы

Шифр(код)/мамандық

Фтизиатрия кафедрасы

1                       

Дильмагамбетов Данияр Саруарович

жетекші

медицина ғылымдарының кандидаты, доцент

14.00.26 – фтизиатрия

2                       

Жангиреев Амангельды Абдрахманович

профессор

медицина ғылымдарының докторы, профессор

14.00.26 – фтизиатрия

3                       

Алмагамбетова Алтын Сатыбалдыевна

доцент

медицина ғылымдарының кандидаты

14.00.26 – фтизиатрия

4                       

Ермекбаева Калжан Жаксыбаевна

доцент

медицина ғылымдарының магистрі

6М11010 – Медицина

5                       

Танжарықова Галия Нурлановна

ассистент

медицина ғылымдарының магистрі

6М11010 – Медицина

6                       

Жалимова Оразкуль Аманжоловна

ассистент

Дерматовенерология курсы

1                       

Изтлеуова Гульмира Маратовна

доцент

медицина ғылымдарының кандидаты

14.03.06 – фармакология, клиникалық фармакология

2                       

Алиева Роза Кинжигалиевна

профессор

медицина ғылымдарының кандидаты

14.00.11 – тері және венерологиялық аурулар

3                       

Жангиреева Альфия Зуфаровна

ассистент

4                       

Ален Нұргүл Нұрланқызы

ассистент

Жаратылу тарихы:

Фтизиатрия кафедрасы. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының (АқММИ) алғашқы кезінде, яғни 1961 ж., факультеттік терапия кафедрасы жанында фтизиатрия курсы құрылды. Курсты бірінші ұйымдастырып, жеткешілік еткен м.ғ.к. А.Г. Косенко болды (1961-1963 жж.). Келесі жылдары кафедраны басқарғандар: м.ғ.к., доцент А.М. Ахмедов (1964-1968 жж.); м.ғ.д., Р.Н. профессор Вьюкова (1968-1981 жж.); м.ғ.к., профессор А.А. Узбекова (1981-1982 жж., 1997-1999 жж.); м.ғ.д., профессор К.И. Волкова (1982-1991 жж.); м.ғ.д., профессор А.А. Жангиреев (1993-1997 жж.); м.ғ.к., доцент А.А. Кенжебаев (1999-2002 жж.); м.ғ.д. А.С. Досбаев (2002-2003 жж., 2010-2011 жж., 2013-2017 жж.); м.ғ.к., доцент К.Б. Мекебай (2003-2005 жж.); м.ғ.к., доцент Д.С. Дильмагамбетов (2005-2010 жж., 2011-2013 жж. және 2017 ж. дан бастап қазіргі уақытқа дейін).

1973 ж. бастап кафедрада АқММИ түлегі, м.ғ.д., профессор А.А. Жангиреев жұмыс жасап жатыр, 1997-1999 жылдар аралығында ҚР ДСМ Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығын (ТМҰО) басқарған. Оның жетекшілігімен республикада туберкулезге қарсы шаралардың жаңа қарқыны жүзеге асырылды, ДСҰ-ның ұсыныстары негізінде туберкулезбен күрес бойынша Ұлттық бағдарлама енгізілді. 2018 жылдан бастап кафедраның профессоры лауазымын атқаруда.

Әртүрлі жылдары фтизиатрия кафедрасында жұмыс істегендер: м.ғ.к., доцент Т.Б. Кунуркульжаев; м.ғ.к., доцент А.С. Стамбеков; м.ғ.к. С.А. Молдашева; м.ғ.к. Е.Б. Ниязов; м.ғ.к. М.И. Туяков; м.ғ.к. К.Т. Джайшева; М.К. Назарбаева; С.С. Имагамбетова; Б.С. Байганов; Т.П. Бейсембаев; Б.С. Байсалбаев және т.б.

Дерматовенерология курсы. Дерматовенерология кафедрасы АқММИ-дың жеке бөлімшесі ретінде 1961 ж. құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі м.ғ.к., доцент С.Г. Козбагаров болған (1961-1974 жж.). Келесі жылдары басқарғандар: м.ғ.к., доцент А.М. Малдыбаев (1974-1976 жж.); м.ғ.к., доцент А.Я. Фелькер (1976-1993 жж.); м.ғ.к., профессор И.К. Миралеев (1993-2006 жж.).

2005 ж. кафедра құрамына дерматовенерология курсының қосылуына байланысты фтизиатрия кафедрасының атауы фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасы болып өзгертілді. 2007-2017 жж. аралығында Ж.Н. Жарасова дерматовенерология курсына жауапты ассистент қызметін атқарды. 2017 ж. бастап м.ғ.к. Г.М. Изтлеуова курстын жауапты доценті.

1974 ж. бастап кафедрада АқММИ түлегі, тәжірибелі оқытушы-тәлімгер, тамаша клиницист, м.ғ.к., профессор Р.К. Алиева жұмыс жасайды. Әртүрлі жылдары дерматовенрология кафедрасында жұмыс істегендер: м.ғ.к., доцент В.С. Синекоп; м.ғ.к., доцент Я.И. Бондаревский; м.ғ.к. доцент О.Ш. Хамзина; Г.Н. Исалиева және т.б.

Мақсат: Дәлелді медицина принциптеріне және емдік, диагностикалық, фармацевтикалық технологиялардың заманауи жетістіктеріне сәйкес білім алушылардың білімі мен дағдыларын меңгеру және жетілдіру.

Белсенділік:

Емдеу жұмысы клиникалық орындардағы дәрігерлерімен тығыз байланысты атқарылады. Емдеу-консультациялық және ұйымдастыру-әдістемелік шаралар үлкен көлемінде жүзеге асырылады.

Клиника мәселелері оқу бағдарламаларында бейнеленіп отырылады.

Оқу-әдістемелік жұмыс – ПОҚ іс-қимылдарының маңызды тарамы. Кафедрада оқыту жаңаша ғылыми деректердің, дәлелді медицина мен мультимедиялық технологиялар элементтерін пайдалану арқылы жүргізіледі. Педагогикалық үдерісті жетілдіру студенттердің клиникалық ой-өрісінің қалыптасуына мүмкіндік туғызатын, кеңейтілген өзіндік жұмыстарына негізделеді.

Кафедраның ПОҚ ғылыми жұмысындағы шығармашылық потенциалы іске асырылады. Кафедра ПОҚ-ның шығармашылық потенциалы клиникалық база қызметкерлерімен бірлесіп ғылыми жұмыста іске асырылады.

Сонымен қатар кафедрада 7R01151 «Ересектердің, балалардың фтизиатриясы», 7R01112 «Ересектердің, балалардың дерматовенерологиясы» мамандықтары бойынша резидентура және фтизиатрия мен дерматовенерологияның өзекті сұрақтары бойынша дәрігерлердің, сондай-ақ БМСК мамандарының біліктілігін арттыру үшін қосымша медициналық білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.

Кафедра жоғарғы білікті, тиісті педагогикалық өтілдерімен, дәрігерлік және ғылыми тәжірибесі бар мамандармен толықтырылған.

Жетістіктері:

Кафедраның ғылыми жұмыстары көптеген фтизиопульмонологияның және дерматовенерологияның өзекті мәселелеріне арналған, олар орындалған және қорғалған диссертациялар мен монографияларда бейнеленген.

Студенттер ғылыми зерттеу жұмысын орындайды, кафедра отырыстарында студенттердің ғылыми студенттердің конференцияларында баяндама жасап отырады.

2020-2023 жж. кафедрада «Тыныс алу мүшелері туберкулезінің рецидивтері: бақылау және туберкулездің дамуына мүмкіндік туғызатын себептер» тақырыбы бойынша университетішілік гранттық қаржыландырудың негізгі ғылыми бағыты аясында ҒТЖ жүргізілді.

Байланыстар:

Фтизиатрия кафедрасы: клиникалық базасы – ШЖҚ «Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығы» МКК. Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Жамбыл көшесі, 1а.

жұмыс тел.: +7(7132)40-86-73

e-mail: ftiz@zkmu.kz

Дерматовенерология курсы: клиникалық базасы – «ҚҚА» Тері-венерологиялық орталығы. Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Шернияз көшесі, 59.

жұмыс тел.: +7(7132)22-24-43

e-mail: dermatology@zkmu.kz

Фтизиатрия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы

Дерматовенерология курсының профессор-оқытушылар құрамы

Оқу процесі