Гистология кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Гистология кафедрасы

Көмекбай Жанат Ескарақызы – гистология кафедрасының жетекшісі медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР ДСМ “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” (2021) төс белгісімен және куәлігімен марапатталды.

2007 ж бастап осы уақытқа дейін «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ жұмыс жасап келеді.

2011ж. медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алды. 70 тан аса ғылыми туындылардың, 1 монография, 6 оқу процесіне ендіру актісі, 6 оқу құралының авторы, қазіргі уақытта магистрлік ғылыми жұмысқа жетекшілік етеді.

2011 – 2017 жж гистология кафедрасының аға оқытушысы, 2013 ж №2 жалпы медицина факультетінің декан орынбасары, 2017-2018 жж доцент міндетін атқарды. Кафедра жетекшісі қызметін атқару барысында кафедрада компьютерлі микроскопиялық аудитория, морфологиялық лаборатория ашылып, кафедраның материалдық – техникалық жағдайы жақсарды.

2017ж бастап университетте сапа менеджменті саласында ішкі аудитор қызметін атқарады, университеттің мәселелік комиссиясының мүшесі, «М.Оспанов атындағы БҚМУ» КеАқ, академиялық жұмыстар жөніндегі департаментіндегі тест тапсырмаларының сәйкестігін бақылау комиссиясының мүшесі. Ғылыми және академиялық кеңес мүшесі.

Ғылыми бағыты: морфология, онкология.

Гистология кафедрасының құрамы

Темирова Гульнара Аягановна – гистология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты..

Егембердиева Роза Есенбайқызы – м. ғ.к., доцент.

Бердалинова Акженис Крымгереевна – м.ғ.м., аға оқытушы. 

Жунусова Ляззат Сейткасымовна – гистология кафедрасының аға оқытушысы, медицина ғылымдарының магистрі.

Ахаева Айнаш Ержановна – медицина ғылымының магистрі, гистология кафедрасының аға оқытушысы.

Ессұлтанова Гүлназ Жұмағалиқызы гистология кафедрасының оқытушысы, медицина ғылымының магистрі.

Байтенов Куаныш Кенесович – гистология кафедрасының оқытушысы.

Жургенова Алтынай Акболатовна – гистология кафедрасының оқытушысы.

Амангелдіқызы Эльмира – гистология кафедрасының оқытушысы.

Мамуржанқызы Айганыш – гистология кафедрасының оқытушысы.

Асетова Акнур Акжайыковна – гистология кафедрасының оқытушысы.

Сарина Айзада Айханқызы – гистология кафедрасы морфологиялық зертханасының аға ғылыми қызметкері.

Ержанова Нурслу Ордабаевна – 2018 жылдан бастап гистология кафедрасының лаборанты

Ділманова Ғарышгүл Жайманқызы – 2013 жылдан бастап гистология кафедрасының лаборанты

Есқара Фариза Қуанышқызы – 2019 жылдан бастап гистология кафедрасының лаборанты

Ғарифоллин Әлішер Радикұлы – 2022 жылдан бастап гистология кафедрасының лаборанты

Гистология кафедрасының тарихы

Гистология кафедрасы 1958 жылы құрылған. Кафедраның бірінші меңгерушісі Видик Таисия Владимировна болды.  Сергеев Константин Константинович – кафедраны 1959 жылдан 1963 жылға дейін басқарды. – Бұл кафедраның құрылған кезі еді. Осы кезеңде кафедрада үш ассистент және екі лаборант жұмыс істеді. 1963 жылдан 1979 жылға дейін Кафедраны Геннадий Васильевич Овсянников басқарды. Осы уақыт ішінде кафедраның оқу базасы ұлғайды, кафедра штаты 12 қызметкерге дейін кеңейді. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы бағдарламаланған бақылау жүргізу үшін тест тапсырмаларын дайындады, оқу гистологиялық препараттары мен кестелерін өз бетімен жасады, кодоскоп, эпидиаскоп, микропроектор сатып алды. Корват Александр Иванович – кафедраны 1979 жылдан 1989 жылға дейін басқарды.  

1990 жылдан 2010 жылға дейін Кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының академигі Үмбетов Тұрақбай Жетенұлы басқарды. Егембердиева Роза Есенбайқызы-м. ғ.к., доцент, кафедраны 2011 жылдан 2018 жылға дейін басқарды.

Оқу жұмысы

Кафедраның профессорлық оқытушылық құрамымен келесі оқу бағдарламалары жүзеге асырылады.

Бакалавриат:

  • 7М10102 «Медицина»
  • 1 курс 6ВМ10109 «Медицина»
  • 2 курс 6ВМ10109 «Медицина»
  • 1 курс 6ВМ10109 «Медицина» (Әскери медицина)
  • 2 курс 6ВМ10109 «Медицина» (Әскери медицина)
  • 1 курс 6ВМ10102 «Стоматология» (Бакалавриат)
  • 1 курс 6ВМ10110 «Стоматология» (Бакалавриат) ТИПО-5 жыл
  • 1 курс 6ВМ10102 «Стоматология» (жоғары білім базасында)
  • 1 Курс 7ВМ10103 «Педиатрия»
  • 2 Курс 7ВМ10111 «Педиатрия»

Магистратура:

  • 7М10102 «Медицина»

Кафедраның материялды техникалық базасы

Гистология кафедасының морфологиялық зертханасы

«Морфологиялық лаборатория»

Халықаралық серіктестік

“М.Оспанов атындағы БҚМУ” КеАҚ гистология кафедрасы келесі университеттермен оқу әдістемелік, ғылыми бірлесіп жұмыс жасауда:

  • “Карол Марцинковский атындағы медициналық университет” Познань қ., Польша
  • Литва денсаулық ғылымдары университеті Каунас, Литва
  • Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің и.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті (Сеченов Университеті) Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік автономды білім беру мекемесі
  • Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің “Орынбор мемлекеттік медицина университеті” Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі
  • Башқұрт мемлекеттік медицина университеті Уфа, Ресей.

histology@zkmu.kz