Интернатура бөлімі – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Интернатура бөлімі

Интернатура жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканатының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Интернатура – бұл кәсіби деңгейді және олардың дербес дәрігерлік қызметке дайындық дәрежесін арттыру. Оқу мерзімі – 2 жыл; оқуды аяқтаған кезде дәрігер біліктілігі иемделеді.

* Интернатура мақсаты университет интерндерінің ЖОО–ны бітіргеннен кейін білім беруді тереңдетуде қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ емдеу-алдын алу мекемелерінде жұмыс істеу үшін білікті маман дайындау кезінде қолайлы жағдай жасау болып табылады.

* Интернатураның негізгі міндеті клиникалық кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған білім беру процесін уақытылы, сапалы ұйымдастыру және түлектердің практикалық дайындығын жақсарту, кәсіби деңгейін және олардың жеке дәрігерлік қызметке дайындық деңгейін арттыру болып табылады.

* «Жалпы медицина» мамандығы бойынша интернатурада білім жүргізу құқығына мемлекеттік лицензия бар.

* Алдыңғы деңгей – бакалавриат. Өту баллына (GРА) сәйкес, кейіннен сұхбаттасумен жалғасатын, ұсынылған өтініштері бойынша «Жалпы медицина» мамандығының бакалавриат түлектері қабылданады.

Интернатураның білім беру бағдарламасы 2 жылдан тұрады (6-7 курстар), интернатураның әрбір оқу жылы кемінде 60 кредиттен тұрады;

Интернатурада медициналық кадрларды даярлау университетте, клиникалық тәлімгерлердің басшылығымен бейінді кафедраларда және МСАК деңгейінде жүргізіледі. Интерндерді даярлаудағы теория мен практиканы интеграциялау 6-курста жүзеге асырылады, онда интерндер жалпы практика дәрігерінің жұмысындағы негізгі бағыттарды бейіндік және сабақтас пәндерде игереді. 6 курсты аяқтағаннан кейін жылдық ауысымдық аттестаттау қарастырылған. Жылдық аттестаттау форматы ЖОО басқармасының отырысында немесе ЖОО Академиялық кеңесінде талқыланады. Интерннің жылдық аттестаттау шарттарын орындамауы оның 6 курсты қайта игеруіне негіз болып табылады.

Интернатурада практика бағдарланған оқыту аудандық, қалалық, облыстық емханаларда дәрігерлік кадрларды (клиникалық тәлімгерлерді) тарта отырып, бітіруші 7 курста жүзеге асырылады. МСАК деңгейіндегі тәжірибелік денсаулық сақтауда интернатура бағдарламасын игеру білім беруде дуалды қағидатты іске асырады – интернатураның практикалық бөлігін игеру орны жас маман үшін жұмыс орны болуы мүмкін. 7 курс практикасының орындарында интерн дәрігерлік және интеллектуалдық мүмкіндіктерді көрсетеді, бұл оның жұмысқа орналасуына негіз бола алады.

7 курста бағдарланған оқыту интерннің одан әрі таңдауын жасауға мүмкіндік береді: жалпы практика дәрігері ретінде жұмысын жалғастыру немесе жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға (резидентура, магистратура) үміткер болу.

Оқыту клиникалық базалар:

– Университеттің медицина орталығы

– Ақтөбе қаласының емдеу мекемелерінде (университет пен практикалық денсаулық сақтау клиникаларымен/ауруханаларымен өзара келісім-шарт) өткізіледі. Интернатурада даярлық мемлекеттік стандартқа, типтік оқу бағдарламасына, академиялық күнтізбеге және интерннің жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Интерндер оқу кезінде арнайы пәндерден басқа типтік бағдарламаға сәйкес оқуға міндетті аралас электив пәндерін оқиды. Интерндерді оқытуға профессорлар, доценттер, жоғарғы білікті оқытушылар, сонымен қатар клиникалық базалардың жоғары дәрігерлік санаты бар дәрігерлері, бөлім меңгерушілері тартылады. Білімді бақылау түрі – емтихан, жылдық аттестация, қорытынды мемлекеттік аттестация. Қорытынды аттестация 2 сатыда өткізіледі: тестілеу және практикалық дағдыны тапсыру. Тестілеуді ҚР ДСМ Тәуелсіз Емтихандаудың Ұлттық Орталығы жүргізеді. Интернатураның білім бағдарламасының құрылымы (кредиттік технология) оқу және клиникалық жұмыстың әртүрлі түрлерінен модульдік жүйе бойынша құрылады; интернатура бағдарламасына базалық пәндер, негізгі компонент пәндері (профильді және профильді аралас), элективті пәндер енгізілген. Интернатурада оқу мерзімі 2 жыл – «Жалпы медицина» (5+2) мамандығы. Оқуды аяқтағаннан кейін мамандығы бойынша дәрігер біліктілігімен бірге мемлекеттік үлгідегі интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі.

Интернатураның негізгі функцияларына:

  • Интернатура бейінді бөлімдермен бірлесіп медициналық жоғары оқу орындарының бакалавриат түлектерін интернатурада қабылдауды және оқытуды жүзеге асырады, сондай-ақ интерндердің оқу процесін дайындау және бақылау нысандарын анықтайды;
  • Бөлімнің жұмыс жоспарын іске асыруды жүргізеді;
  • Интерндерді даярлауды жүзеге асыратын Кафедралардың білім беру қызметінің сапасын ұйымдастырады және бақылайды;
  • Интерндерді даярлауды жүзеге асыратын кафедралардың әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және жетілдіреді;
  • Интернатура түлектерін қорытынды аттестаттау нәтижелері негізінде дайындау сапасын талдайды;
  • Интернатураға қабылдауды жүзеге асырады;
  • Интернатураға түсу үшін конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастырады;
  • Жоғары тұрған ведомстволық мекемелердің интернатура бойынша нұсқаулық құжаттарды кафедралардың орындауын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ университет бойынша бұйрықтар дайындайды, интерндерді бөлуге жәрдемдеседі;
  • Ғылыми Кеңеске, проректорлар мен Басқарма Төрағасы – университет ректорына білім беру, ғылыми-зерттеу, инновациялық, әлеуметтік-тәрбие, кадр саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
  • Интерндердің спорттық, мәдени-бұқаралық жұмыстарын өткізуге және бос уақытын ұйымдастыруға қатысады.

Интернатура бойынша декан орынбасары

Сулейменова Гаухар Калиевна

Техникалық ғылым магистрі 

Мамандар: Кадирова Гульсара Бакиткалиевна, Изтлеуова Лаззат Ниязбековна.

Байланыс деректері: Ақтөбе қаласы. Маресьев көшесі, 68, бас ғимарат, 603 кабинет Тел. 55-20-15.

Эл.мекен-жайы: internatura2013@zkmu.kz