Мақсаты а) 16 жастан 40 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жас ересектер арасындағы пресуицидтік жағдайдың динамикасын талдау; б) жеке тұлғалар немесе әлеуметтік топтардағы суицидтік мінез-құлыққа бейімділікті анықтайтын ішкі жеке тұлғалық және әлеуметтік-орта факторларды анықтау; в) Қазақстанда суицидтік мінез-құлықтың алдын алу шараларын және денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік және жастар саясатын оңтайландыруды ғылыми-ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге – арналған кешенді мониторингтік әдістемені құру.
Міндеттері:
- Суицидтік мінез-құлықтың био-психо-әлеуметтік детерминанттарын анықтау
- Суицидтік мінез-құлықтың терең механизмдерін анықтау;
- Суицидтің алдын алу шараларын әзірлеу;
- ҚР халқы арасында суицидтің алдын алу шараларын клиникалық практикаға енгізу;
- Елдің және өңірлердің әлеуметтік және мәдени ерекшеліктері контекстінде олардың қысқа және ұзақ мерзімді әсерін ескере отырып, суицидтік мінез – құлық саласындағы тәуекел мен қорғаудың негізгі себептері мен факторларын анықтау;
- Суицидке әсер ететін негізгі факторларға Мета-талдау және халықаралық шолу жасау және суицидтің алдын алудың тиімді стратегияларын, соның ішінде қауіп пен қорғаныс факторларын және интервенциялардың тиімділігін әзірлеу.
- Жетекші шетелдік тәжірибелерді бағалау және суицидтік конструкцияларды өлшеудің инварианттылығын бағалауда әртүрлі сауалнамаларды пайдалану мүмкіндіктерін анықтау.
- Өзіне-өзі қол жұмсау көрінісімен байланысты қоғамдық қабылдауды және негізгі үрдістерді айқындау үшін, сондай-ақ айнымалылар арасындағы жеке (айыптау/тыйым салу дәрежесі, түсіну/ эмпатия дәрежесі, әлеуметтік желілер мен мәдени нормалардың ықпал ету дәрежесі; қолжетімділік және көмек дәрежесі; білім беру және профилактика) және өңірлік деңгейдегі өзара байланысты айқындау үшін Қазақстан бойынша елдік әлеуметтанулық көп деңгейлі зерттеу жүргізу.
- Алынған деректерді интерпретациялау және суицидтік ойлаудың, суицидтік әрекеттердің және аяқталған суицидтің таралуын бағалау мақсатында айыру және әлеуметтік фрагментация индекстерін қолдана отырып, суицидті социологиялық өлшеу матрицасын анықтау және аймақтар бойынша суицидтік мінез-құлықтың статистикалық мониторингін жүргізу;
- Алынған мәліметтер негізінде суицидтің әлеуметтік аспектілерін анықтау, соның ішінде
а) әлеуметтік қолдау деңгейі, дағдарыс жағдайында оқшаулану мен қолдау сезімдерінің жоғарылауы/төмендеуі;
б) отбасы ішіндегі қатынастар;
в) білім деңгейі және білімге қол жетімділік;
г) экономикалық факторлар (кедейлік, жұмыссыздық және экономикалық тұрақсыздық);
д) әлеуметтік оқшаулану және психикалық денсаулыққа қатысты стигма.
- Суицидтік мінез-құлық жағдайларын қысқарту үшін, оның ішінде іске асырылуы мемлекеттік басқарудың барлық мүдделі органдары мен Қазақстанда шешім қабылдайтын тұлғалардың қолдауымен жүзеге асырылуы мүмкін бағдарламалар мен коммуникациялық стратегиялар үшін нақты жүзеге асырылатын қысқа, орта және ұзақ мерзімді шаралар мен саясаттарды әзірлеу бойынша ұсынымдар дайындау;
- Осы зерттеудің нәтижелері мен ізденістерін әлеуметтік, білім беру және басқару салаларында тарату.
Күтілетін нәтижелер:
– Қазақстан Республикасының жасөспірімдері мен жас тұрғындары арасында суицид қаупін арттыратын және төмендететін жалпы және арнамалы Қазақстандық контекстке тән механизмдер мен факторлар туралы жаңа деректер алынады
– Зерттеу объектісіндегі популяцияда суицидтік қауіптің дамуының сенімді биологиялық-психологиялық-әлеуметтік индикаторлары мен олардың өзара байланысы анықталады
– Қазақстан жағдайына бейімдеу немесе трансферттеу мүмкіндігін бағалау үшін әлемдік тәжірибе, үздік тәжірибелер зерттеледі
– Алдын алу және реабилитациялық шаралардың тиімділігі бағаланып, медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқару салалары үшін ұсыныстар әзірленеді
– Жобаның тұтынушылары үшін ақпараттық ресурстар дайындалады
Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттің, бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:
- «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-IV Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Іс-қимыл жоспарының 28-тармағы;
- Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес отырысының 2023 жылғы 12 сәуірдегі хаттамасы, 2.2-тармақ;
- Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, БҒБ 52-тармағы
- «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Кодексі.
Бағдарламасның орындалу орны: Қазақстан Республикасы
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Семей медицина университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Бағдарламаның басталуы мен аяқталуының болжамды күні, оның ұзақтығы айларда: 01.07.2024-31.12.2026 (30 ай)