Кәсіптік практика бөлімі – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Кәсіптік практика бөлімі

Академиялық жұмыс департаментінің білім алушылардың оқу және өндірістік практикадан өтуін ұйымдастыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 Бөлімнің мақсаты – білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибеде жетілдіру үшін оқу немесе өндірістік практикадан өтулеріне жағдай жасауды ұйымдастыру.

Кәсіптік практика бөлімінің атқаратын функциялары:

  1. Білім алушылардың практикадан өту базасы болып табылатын ұйымдармен келісімшарттар рәсімдеу
  2. Кәсіби практикаға жауапты кафедралардан силлабустар қабылдауды ұйымдастыру;
  3. Барлық курстар мен білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың практикадан өту бойынша өкімдер, кестелер жасайды
  4. Білім алушылардың кәсіптік практика бойынша күнделіктерін басып шығаруды ұйымдастыру
  5. Сынақ ведомостарын тіркеу журналын жүргізу және мониторингілеу.