Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы

Басшылық

Курмангалиева Саулеш Сейтжановна

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраны м.ғ.к., доцент м.а. Курмангалиева Саулеш Сейтжановна басқарады. 2010 жылы «Асқазан мен он екі елі ішектің қайталанатын ауруларының эрадикациялық терапиясын рационализациялау» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 8 оқу құралының, 12 әдістемелік ұсыныстардың бірлескен авторы. Патент иесі болып табылады. Оқу үрдісіне оқытудың инновациялық әдістерін енгізу актілері бар. Ғылыми қызығушылықтары: иммунология, гастроэнтерология, аллергология.

Кадрлық құрам:

Насухин Шадыман Бактыгереевич, м.ғ.к., микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доценті. 1986 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина университетін бітіргеннен кейін «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатурадан өтті. 1987-1991 жж – ауылдық және қалалық ауруханаларда педиатр болып жұмыс істеген. 1993 жылдың қазан айында «Микробиология» мамандығы бойынша аспирантураға түсті. Бітірген соң «Хром мөлшері жоғары биогеохимиялық аймақта тұратын ерте жастағы балалардың ішек микробиоценозы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1996-2000 жж – педиатрия кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген. 2001 жылы микробиология кафедрасына ауыстырылды. 2009 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доценті қызметін атқаруда. Ғылыми қызығушылықтары-микробиология, жаратылыстану философиясы.

 Хайруллина Замза Сайфуллиновна 2023 жылдан бастап микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында оқытушысы, м.ғ.к., доцент м.а., біліктілігі жоғары санатты аллерголог, Ақтөбе облысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс аллергологы, «Аллергология және иммунология» мамандығы бойынша аккредиттелген тәуелсіз сарапшы, Облыстық аллергология және респираторлық аурулар орталығының басшысы. Мемлекеттік наградалары бар: «Шапағат» медалі, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ардагері» медалі, жергілікті атқарушы органдардың Құрмет грамоталары. Ғылыми басылымдардың, кітаптардың, монографиялардың авторы.

Жанаманова Раушан Нурболатовна, медицина ғылымдарының магистрі, аға оқытушы. 2012 жылы М.Оспанов атындағы БҚММУ “Медицина” мамандығы бойынша магистратураны бітірді. Магистрлік диссертация тақырыбы: «Антагонистическая активность лактобактерий кишечника». 8 мақала, 1 еңгізу актісі бар. Ғылыми қызығушылықтары – микробиология, микроэкология, иммунология.

Сарбулатова Анаргүл Шоқанқызы, аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, 2003 жылы Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін “Биология”мамандығы бойынша бітірген. Магистрлік диссертацияның тақырыбы: “Өнеркәсіптік және дәрілік ксенобиотиктердің уытты және жанама әсерлері”. “«Жалпы және клиникалық микробиологияның жоғары оқу орнында оқытудың өзекті сұрақтары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттырудан өтті. Ғылыми зерттеулердің бағыттары: микробиология, вирусология және жаратылыстану ғылымдары. Университетте жұмыс өтілі-17 жыл, 10-нан астам ғылыми жұмыстардың авторы.

Алпамыс Алия Канатовна. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетін бітірген. 2017 жылы “In vitro жағдайында арпаның тұзға төзімді формаларын алу” тақырыбына магистрлік диссертациясын қорғады. Ғылыми қызығушылықтары: микробиология, микроэкология.Университетте жұмыс өтілі-7 жыл, 5-тенн астам ғылыми жұмыстардың авторы.

Зевалкина Елена Викторовна, микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының оқытушысы. АқММИ педиатрия факультетін бітірген. 1988 жылдан микробиология кафедрасында жұмыс істейді. 30-дан астам мақала, 1 оқу құралы.Ғылыми қызығушылықтары: микробиология, микроэкология.

Салбаева Куралай Сагындыковна -2003 жылдан бастап БҚМУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында зертханашысы болып жұмыс істейді. М. Оспанова. Жоғары білім туралы дипломы бар.

Корнильцева Анна Александровна – микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының зертханашысы. Кафедрада 2009 жылдан бастап жұмыс істейді, “Биология бакалавры”мамандығы бойынша АМПИ – ді бітірген.

Койшибаева Бакытгуль Молдагалиевна – зертханашы, кафедрада 2017 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді. Медициналық арнаулы орта білімі бар.

 

Құрылу тарихы:

Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы 1959 жылы ақпан айында құрылды. Оның алғашқы жетекшісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Анна Тимофеевна Стародубова болды.

1980 жылдан 1990 жылға дейін кафедраны м.ғ.к., доцент Э. А. Еремеева басқарды.

1991 жылдан 2013 жылға дейін кафедра ұжымын Қазақстан медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ж.К. Ордабаев басқарды.

2013 жылдан 2017 жылға дейін кафедра жетекшісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Б. В. Засорин болды.

2017 жылдың ақпан айынан бастап микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының жетекшісі болып м.ғ.к., доцент Урекешов Б. С. тағайындалды.

 

Мақстаттары:

Микробиология, вирусология және иммунология саласындағы соңғы жетістіктерге сәйкес студенттерді, резиденттерді, магистранттарды, докторанттарды оқыту.

Микробиология, вирусология және иммунология саласында әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің біліктілігін арттыру. Микробиология және иммунология бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

 

Қызметі:

Оқытудың инновациялық нысандарын қолдана отырып, оқу процесін сапалы ұйымдастыру және өткізу, білім алушылардың практикалық, зертханалық және дербес сабақтарын белсендіру.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысын сапалы ұйымдастыру, кафедраның болашақ ПОҚ дайындау. Кафедраның білім беру қызметін оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің сапалы дайындығы.

Студенттерде Денсаулық сақтау міндеттерін дұрыс түсінетін болашақ дәрігерлердің жоғары адамгершілік белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

 

Жетістіктері6

Жалпы кафедра қызметкерлері журналдар мен тақырыптық жинақтарда 900-ден астам ғылыми мақалалар жариялады, рационализаторлық ұсыныстарға 30 сертификат, өнертабысқа 20 авторлық куәлік, оның ішінде 2 шетелдік.

Кафедра магистратура және PhD докторантура бағдарламаларын жүргізеді. 2023 жылдан бастап «Ересектер мен балалардың аллергологиясы және иммунологиясы» оқу бағдарламасымен резиденттерді оқыту жүргізілуде.

2022 жылдан бастап кафедра ғылым және білім министрлігінің қаржыландыруы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасын одан әрі дамыту жаңа инновациялық технологияларды енгізу және дәрігерлердің болашақ қызметінің бағыттарына мамандандыру жағдайында жүзеге асырылатын болады.

Студенттердің зерттеу құзіреттілігін арттыру мақсатында, кафедрамызда «Микробиолог» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс жасайды. Жыл сайын үйірме студенттерінің ғылыми жұмыстары жүлделі орындарға ие болды.

Байланыс ақпараты

Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы.Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 66, №1 оқу-зертханалық ғимараты, 3 қабат, сол қанат, тел.56-72-43.

Фотогалерея