№1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


№1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы

Басшылық

 

Сейпенова Ания Нурмуханбетовна – “№1 Жалпы дәрігерлік практика” кафедрасының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты, PhD докторы. 1999 жылы АқММА педиатрия факультетін үздік бітірген. Жоғары біліктілік санатты дәрігері. 2013 жылы “Балалардағы жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен қайталанатын ауруларды емдеуді оңтайландырудағы дифференциалды интерферонотерапия” (Орынбор қаласы, Ресей) тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2020 жылдан бастап кафедра доценті. 2021 жылдан 2023 жылдың қараша айына дейін “№1 Жалпы дәрігерлік практика ” кафедрасы басшысының міңдетін атқарды. 2023 жылғы қарашадан бастап кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. 50 ғылыми жарияланымдардың авторы, авторлық куәлік-11. Жоғары оқу орны, Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының “Құрмет грамотасы” (2021ж) алғыс хаттарымен біркелкі марапатталған. “Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталған (2023ж.).

Кадрлық құрам:

Қазіргі уақытта №1 Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ұжымы құрамында: кафедра басшысы-м.ғ.к. Сейпенова А.Н; профессор-м.ғ.к. Каримсакова Б.К; доцент-м.ғ.к. Сахипова Г.Ж; ассистенттер-м.ғ.к. Кулкаева Ж.Д., Абдильдаева С.А., Жолбасканова К.Т., Есенгалиева И.Е., м.м. Кузденбаева Г.Е., Шамшаева Д.О., м.м. Иманбаева А.У., Жакиева Ш.С., Хайруллина А.А., Көлбаева А.Ә., кеңсе менеджері Бигельдинова З.С.

Кафедра дәрежесі-46 % құрайды. 13 оқытушының ішінде жоғары біліктілік санаты бары-7, бірінші біліктілік санаты-1 адам. Кафедра оқытушыларының педагогикалық өтілі 0 жылдан 35 жылға дейін.

Құрылу тарихы

Амбулаториялық-емханалық терапия кафедрасы, қазіргі “№1 Жалпы дәрігерлік практика ” кафедрасы 1987 жылы ұйымдастырылды.

Кафедра жетекшілері: м. ғ. к., доцент А. П. Великоиваненко (1989 ж.-1998 ж.);

м. ғ. к., профессор Дербисалин Ажмадин Смагулович (1998ж.-2009ж;

м. ғ. к., профессор Каримсакова Бибигуль Коптлеуовна(2009-2017ж);

м. ғ. к. Абенова Нургул Абдуллаевна (2017ж.-2021ж.);

м. ғ. к., PhD докторы Сейпенова Ания Нурмұханбетовна (2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).

Кафедра ардагерлері:

Исмагулова Айман Умирбековна—м.ғ.к кафедра доценті, 6 монография, 2 оқулық, 160-тан астам жарияланымның авторы. “КСРО Денсаулық сақтау үздігі” төсбелгісімен, “КСРО өнертапқышы”, “«Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін», «Алтын Ана» медальдарымен марапатталған.

Кульниязова Гульшат Матаевна-медицина ғылымдарының докторы, профессор. 100-ден астам баспа жұмыстары бар, 8 оқу құралы жарық көрді. “Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі”, “Еңбек ардагері” төсбелгілерімен марапатталған.

Жұмабаева Тілекши Набиевна-медицина ғылымдарының кандидаты. 30-дан астам баспа жұмыстарының, дәрігерлерге арналған 7 оқу құралының авторы. “Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі”, “Еңбек ардагері” төсбелгілерімен марапатталған.

Мақсаты: алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесінде профилактикалық, диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу үшін білімі, іскерлігі және практикалық дағдылары бар жоғары білікті жалпы практика дәрігерлерін даярлау.

Қызметі: кафедра қызметінің негізгі бағыты – “Жалпы медицина” мамандығы бойынша, “Жалпы дәрігерлік практика негіздері” пәні бойынша 5 курс студенттерін даярлау. Сондай-ақ кафедрада “АМСК дәрігерінің көмекшісі”мамандығы бойынша жыл сайынғы өндірістік практика өткізіледі. Кафедрада “Мейірбике ісі” факультетінің 2 және 3 курс студенттері Алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің негізгі бағыттары бойынша білім алуда.

Жетістіктер:

Клиникалық жұмыс

Кафедра №3 университет жатақханасының 1 қабатында орналасқан. Кафедраның оқу базалары «Отбасылық медицина клиникасы», №1 ҚЕ, №3 ҚЕ, №4 ҚЕ, №5 ҚЕ, №6 ҚЕ, №7 ҚЕ болып табылады. Клиникалық жұмыс кафедраның жоспары мен жеке кестесі бойынша балалар мен ересектерді консультациялық қабылдау түрінде орындалады. Кафедра қызметкерлері пациенттер мен практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері үшін “Дөңгелек үстелдер”, семинарлар, “Ашық есік күндері”, дәрігерлік конференцияларын өткізеді. Олар өзекті тақырыптар бойынша дәрістер оқиды, теледидарда сөйлейді, пациенттер тарихына шолу жасайды, ғылыми-практикалық медицина мамандарымен бірлесіп зерттеулер мен консилиумдарға қатысады.

Оқу-әдістемелік жұмыс

Оқу процесінде оқытудың интерактивті әдістері қолданылады: проблемалық дәріс, семинар-пікірталас, “миға шабуыл”, “шағын топтар” әдістемесі, TBL, CBL, PBL, стандартталған пациент және т. б. Moodle оқыту платформасында қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру мақсатында “Dl.zkgmu.kz” және Platonus ақпараттық жүйесінде “Рlatonus.zkmu.kz” студенттер үшін электронды кафедрада оқытылатын барлық пәндер бойынша оқу материалдары.

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары балалар мен ересектер денсаулығының өзекті мәселелері болып табылады. Ғылыми-техникалық жобалар жүргізілуде. Кафедра қызметкерлері ғылыми журналдар мен жинақтарда 300-ден астам жұмыс жариялады. 15-тен астам оқу-медициналық құралдар шығарылды. Жыл сайын республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға баяндамалармен қатысады. Барлық оқытушылар-Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығының (АСВК) мүшелері. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) дәрігерлеріне арналған конференциялар, тренингтер, халыққа арналған оқыту бағдарламалары өткізіледі.

Студенттік ғылыми қоғам

Кафедра құрылған сәттен бастап студенттік ғылыми қоғам (СҒҚ) бар. СҒҚ-ның бірінші басшысы кафедра доценті Р.К.Назарбаева, содан кейін м.ғ.к. Т.Н.Жумабаева болды. СҒҚ мүшелері жыл сайын халықаралық студенттік конференцияларға қатысады. Жергілікті, Республикалық, Халықаралық ауқымдағы конференциялардың жеңімпаздары мен лауреаттары болып табылады.

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес кафедрада әлеуметтік-тәрбие жұмысы жүзеге асырылады, ҚР тарихы мен мерекелеріндегі айтулы күндерге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған іс-шаралар өткізіледі.

Пошта мекен-жайы: Актобе қаласы, Маресьева көшесі 76А, (жатақхана №3 М.Оспанова атындағы БҚМУ, 105 каб, 1 қабат.

Байланыс: + 7 (7132) 54-42-61; +7 (705) 288-58-91 (кеңсе менеджері)

Электрондық мекен-жайы: e-mail: 1_ovp@zkmu.kz