№2 Ішкі аурулар кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


№2 Ішкі аурулар кафедрасы

Кафедра жетекшісі:

Курманалина Гульнара Лукпановна – медицина ғылымдарының кандидаты, ассоцирленген профессор, 2017 жылдан бері №2 ішкі аурулар кафедрасының жетекшісі.

1988 жылы АкММИ үздік бітірді. Интернатураны аяқтағаннан кейін 1988-1996 жылдар аралығында Мұғалжар ауданы Ембі станциясының линиялық ауруханасында дәрігер-терапевт және терапевтік бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Клиникалық ординатурада, күндізгі аспирантурада оқыды. 2002 жылы «Применение низкомолекулярного гепарина (клексана) при нестабильных формах стенокардии» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2005- 2008 жылдар аралығында қосымша түрде БҚММУ МО-ң ақылы көпсалалы бөлімшесін басқарды. 2014 жылдан бастап резидентураның білім беру бағдарламалары академиялық комитетінің төрағасы. 2015 жылдан бастап деканның резидентура жөніндегі орынбасары қызметін бірге атқарады. «Терапия» мамандығы бойынша жоғары санатты, «Кардиология», «Функционалдық диагностика», «Сәулелік диагностика» мамандықтары бойынша маман сертификаты бар. Педагогикалық өтілі – 23 жыл, дәрігерлік өтілі – 36 жыл. 120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы. Хирш индексі: Web of Sciences – 2; Scopus – 2; РИНЦ – 3. 5 оқу-әдістемелік құралдың, монографиялардың және туындының авторы.

Марапаттары: Қазақстан кардиологтары қауымдастығының «Ақ жүрек» белгісінің иегері, «Қазақстан республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі».

Кадрлар құрамы:

Жолдин Бекболат Кулжанович – кафедра профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты

Сейтмагамбетова Сауле Амирхановна – кафедра профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты Талипова Илиада Жаксыбаевна – кафедра доценті, медицина ғылымдарының кандидаты

Кушимова Дариға Еженовна – кафедра доценті, медицина ғылымдарының кандидаты

Токбаева Кульсин Кульганатовна – кафедра доценті, кафедра оқу бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты

Ахметова Алма Суюндуковна – кафедра доценті, медицина ғылымдарының кандидаты

Тлегенова Женисгуль Шимбулатовна – кафедра доценті, PhD докторы

Султанбекова Гульмира Амантаевна – кафедра ассистенті

Аралбаева Лиза Советовна – кафедра ассистенті

Медовщиков Вадим Владимирович – кафедра ассистенті, медицина ғылымдарының кандидаты

Ешниязов Нурлан Булатович- кафедра доценті, медицина ғылымдарының кандидаты

Аманова Айганым Амировна – кафедра ассистенті, докторант

Бошанов Жантілек Бердіқұлұлы –докторант

Құрылу тарихы:

No2 ішкі аурулар кафедрасы 2015 жылы дәрігерлердің біліктілігін арттыру факультетінің терапия кафедрасы мен госпитальды терапия кафедрасын біріктіру арқылы құрылды.

Госпитальдық терапия кафедрасы 1961 жылы ұйымдастырылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі 1962-1963 жылдар аралығында медицина ғылымдарының кандидаты Анна Антоновна Масленникова болды. Осы жылдар ішінде госпитальдық терапия кафедрасын басқарды: м.ғ.к., доцент Андреев Василий Николаевич (1963-1968); медицина ғылымдарының докторы, профессор Заславская Рина Михайловна (1968-1972); медицина ғылымдарының докторы, профессор Иванова Эльвира Давыдовна (1973-1991); ҚР медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаманқұлов Қдырқожа Абдулкәрімұлы (2007-2010); медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Смағұлова Ғазиза Ажмағиқызы (2003-2007); медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Тоқбаева Күлсін Құлғанатқызы (2010-2017).

Дәрігерлердің біліктілігін арттыру факультетінің терапия кафедрасы (ФУВ) 1979 жылы ұйымдастырылды. 1979-1993 жылдар аралығында кафедраның бірінші меңгерушісі болып медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Владимир Абрамович Голдберг қызмет етті. Осы жылдар ішінде дәрігерлердің біліктілігін арттыру факультетінің терапия кафедрасын басқарды: медицина ғылымдарының докторы, профессор Ахметов Қайырғали Жалелұлы (1993-1994); ҚР медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Беркінбаев Сәлім Фахатұлы (1995-2001), медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Жолдин Бекболат Құлжанұлы (2002-2017).

Мақсаты: дәлелді медицина қағидаттарына және диагностикалық, емдеу, фармацевтикалық технологиялардың заманауи жетістіктеріне сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсетуде өз бетінше жұмыс істей алатын және дәрігерлік кәсіби құзыреттілігін арттырып отыратын жоғары білікті кадрларды даярлау.

 Қызметі:

№2 ішкі аурулар кафедрасы: «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша 6-7 жылдық интерндеріне, «Терапия» мамандығы бойынша 6-7 жылдық әскери медицина интерндеріне, «Ересектер» мамандықтары бойынша резиденттерді даярлауды және балалар кардиологиясы», «Терапия», «Ересектер, балалар үшін дене медицинасы және оңалту», «Ересектер, балалар үшін нефрология», тәжірибелік терапевтік дәрігерлерді біліктілігін арттыру циклдарында оқыту жүргізеді.

Кафедрада орасан зор педагогикалық, оқу-әдістемелік, клиникалық және ғылыми жұмыстар атқарылуда. Кафедрадан жыл сайын тәжірибелік денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін немесе докторантурада оқуын жалғастыратын білікті мамандар шығарылады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Медициналық орталығының кардиологиялық, хирургиялық, химиотерапия, онкохирургиялық бөлімдерінде дәрігерлік-кеңес беру жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы және бүкіл Батыс Қазақстанның өңіріндегі медициналық мекемелерге консультациялық көмек көрсетеді.

Жетістіктері:

Кафедраның ғылыми қызметінің негізгі бағыттары: кардио-онкология, жедел коронарлық синдром, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі.

Кафедра EUROASPIRE 5 зерттеуіне қатысты, оның нәтижелері Lancet журналында (Q1) жарияланған мақалаларда ұсынылған, бірлескен авторы- профессор Жолдин Б.К. EUROASPIRE 6 зерттеуіне қатысу жоспарлануда.

Кафедраның ғылыми жұмысының тақырыбы: «Жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау және емдеу мәселелері». Кафедра қызметкерлері университетішілік грант бойынша «Миокард инфарктісімен ауыратын науқастардың нәтижелерін және оларға әсер етуші факторларды зерттеу» атты ғылыми-техникалық жобаға қатысты (2019-2020 ж.ж.), ғылыми жетекшісі Г.Л.Курманалина.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Сүт безі обырының химиотерапиясынан туындаған кардиотоксикалық асқынуларды ерте диагностикалау және емдеу бағдарламасын әзірлеу» (2021-2023 жж.) ғылыми-техникалық жобаға қатысты, меңгерушілері Балмағамбетова С.К., Жолдин Б.К.

Кафедра қызметкерлері монографиялар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік материалдар, рецензияланатын журналдарда мақалалар жариялады. 2010 жылы «Ішкі аурулар» (Қ.А.Жаманқұлов бірге), «Ішкі аурулар пропедевтикасы» (клиникалық дәрістер, Қ.А.Жаманқұлов), 2009 жылы «Ішкі аурулар» (оқулық), 2 тілде «Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігі», 3 том, 2010 ж

Қазіргі уақытта кафедрада «Медицина» мамандығы бойынша докторанттар оқиды- Аманова А.А. және Бошанов Ж.Б.

Біздің мекен-жайымыз:

Жаңақоныс кенті, 8, М.Оспанов атындағы БҚМУ ҰАҚ, электрондық пошта: vb_2@zkmu.kz