Тілдер кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Тілдер кафедрасы

Мустояпова Алтынгүл Сәрсенқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап, тілдер кафедрасына жетекшілік қызметін атқарады. Ғылыми басылымдары 70-тен астам мақалалар мен 9 оқу құралын (1-оның ҚР БжҒМ РОӘС ұсынған) және 1-ғылыми-публицистикалық жинағын шығарған. 15 мақала ҚР БҒМ ҒССҚЕК тізбесіне енген журналдарда, 3 мақала Sсоpus, Wed of Science халықаралық рецензияланатын журналдарында басылым көрді. Мустояпова А.С. мамандарды кәсіби даярлау саласындағы жетістіктері үшін 2009 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы берілді, көптеген дипломдар, алғыс хаттармен мараппаталды: ҚР БҒМ “Құрмет грамотасы”, Ұлттық тестілеу орталығы, Ақтөбе облысының әкімі, университет.

Кадрлық құрамы

Кафедраның оқытушылар құрамының филологиялық, педагогикалық білім деңгейі жоғары, білім алушыларға пәнді оқытуда инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін қолдануда кәсіби дағдылары қалыптасқан.

Кафедра құрамында шттаттық кестеге сай 27 ПОҚ қызмет атқарады:

Пед.ғ.к., доцент Мустояпова А.С., аға оқыт., қаз.т. мен әд.м. Сабитбекова М.М., аға оқыт, гум.ғ.м. Утаргалиева Ш.Ш, аға оқыт., фил.м. Қожабекова Ж.Қ., оқыт, фил.м. Молдашева Л.Ж., аға оқыт., гум.ғ.м. Абдиргазиева А.Б., аға оқыт., гум.ғ.м. Абдуллина Л.Н., аға оқыт., гум.ғ.м. Алдашева Г.Б., аға оқыт., гум.ғ.м. Байтакова М.К., аға оқыт. Жубаназарова К.А., аға оқыт., гум.ғ.м. Майкупова Р.Н., орыс т. мен әд. м. Сапахова Ж.А., пед.ғ.м. Татанова Л.Т., аға оқыт., гум.ғ.м. Канлыбаева А.У., аға оқыт. Абушахманова Г.Р., оқыт. Ерменова К.К., аға оқыт., гум.ғ.м. Егизбаева Л.Е., аға оқыт. Мирманова Г.К., оқыт., гум.ғ.м. Даулетова Д.Д., оқыт., гум.ғ.м. Акиева А.С., оқыт., шет тіл ғ.м. Даримова А.М., оқыт., гум.ғ.м. Нурсеитова Б.У., аға оқыт.,пед.ғ.м. Сыдык Л.С., оқыт., гум.ғ.м. Саймагамбетова А.О., оқыт., гум.ғ.м. Аралбай А.К., оқыт., гум.ғ.м. Жилисбаева К.Р., оқыт., пед.ғ.м. Уркунова А.С.

 Тілдер кафедрасының тарихы

Тілдер кафедрасы 1957 жылы шет тілі кафедрасы болып құрылды. Оның алғашқы меңгерушісі, әрі негізін қалаушы Т.Журенкова болды. 1958-1977 ж. В.Пищик, 1978-1980 жылдарда И.Федяев, ал 1980-2002 ж. С.Махамбетова кафедраға басшылық етті. 1970 жылдың мамыр айынан бастап латын және орыс тілдері кафедрасы ұйымдастырылды да, оның алғашқы меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Н.Петров 1975 жылға дейін, ал 1975 жылдан бастап Е.Агапов басшылық жасады. Кафедрада орыс және латын тілдері жүргізілді. Кейін 1989 жылы оның базасында екі кафедра құрылды: Е.Агапов басқарған латын тілі кафедрасы және аға оқытушы Р.Шанова басқарған орыс тілі кафедрасы.
1987 жылдан бастап қазақ тілі пәні енгізілді. Ал 1989 жылдан бастап п.ғ.к., доцент Н.Бериков басқарған өз алдына дара қазақ тілі кафедрасы болып құрылды. 1997 – 2000 ж.ж. Б.Ербатыр, кейін 2007 жылға дейін ф.ғ.к. К.Кондыбай басқарды. 2017 жылдың тамыз айына дейін біріктірілген аталмыш кафедраны ф.ғ.к., доцент, университеттің профессоры Е.Агапов, 2017-2020 жыл аралығында Г.Б.Алдашева, 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Мустояпова А.С. жетекшілік етеді.

Мақсаты

Тілдер кафедрасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018ж. 31 қазандағы №603 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жалпы білім беру циклінің міндетті пәндерін «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Шетел тілі» және «Латын тілі» т.б. таңдау пәндерін оқытуды жүзеге асырады.

Тілдер кафедрасы ұжымының мақсаты рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы шеңберінде білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру, халықтар достығының ұлттық сана мен мәдени код негізінде дамуын көздей отырып, дүниежүзі мәдениеті мен тілдерге әлемдік деңгейдегі білім, қазіргі озық технология дәнекері ретінде толеранттық қарым-қатынас жасай білетін, еліміздің дамуына қызмет ететін маман даярлау болып табылады.

Қызметі

Оқу-әдістемелік жұмысы

Кафедра оқытушылары көптілділік құзыреттілігін қалыптастыруды практикалық сабақтарды үш тілде өткізуді енгізген. Әр оқу жылы оқытудың заманауи технологияларын қолдануып ашық сабақтар, мастер-кластар өткізіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөліседі. Қалалық және ЖОО деңгейлерінде өткізілді: Марат Оспанов ат. БҚМУ-дың 60 жылдығы аясында «Hot-Potatoes» аспаптық бағдарламасы бойынша электрондық интерактивті жаттығуларды пайдалану» тақырыбында Абдиргазиева А.Б. мастер-класс (2017ж.); «Тіл білімінде АКТ қолдану» семинар-тренинг (2018ж.); университет ПОҚ үшін «Кәсіпқой, көшбасшы және ұйымдастырушы» модулі бойынша каскадты әдіспен Даулетова Д.Д. (2018), «Аралас оқыту технологиясы сөйлеуді дамытудың тиімді құралы ретінде» Абдиргазиева А.Б. мастер-класс (2019ж.); «Тілдік білім берудегі инновациялық әдістер» Алдашева Г.Б. мастер-класс (2019ж); «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы шеңберінде Уринбаева Б.Б «Орыс тілі сабақтарында TBL технологиясын қолдану» тақырыбындағы семинар (2019ж.); университет ПОҚ үшін «Кәсіпқой, көшбасшы және ұйымдастырушы» модулі бойынша каскадты әдіспен Алдашева Г.Б., Жубаназарова Қ.А. мастер-класс (2020ж.); «Қашықтан оқыту жағдайында қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері» республикалық деңгейде вебинар Мустояпова А.С., Сабитбекова М.М., Утаргалиева Ш.Ш. (ақпан, 2021ж.); «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда цифрлық құралдарды пайдалану» тақырыбында Купенова А.А. мастер-класс өткізді (19.11.2021ж.); Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынов және тіл білімі» тақырыбында республикалық вебинар ұйымдастырды Молдашева Л.Ж., Қожабекова Ж.Қ. (2022ж.); «Тілдік мәдениетті қалыптастырудағы коммуникативтік дағдылар» мастер-класс (қазан, 2022ж.). Сабитбекова М.М., «Білім беру сапасын арттыру ресурсы ретінде цифрлық құралдар және заманауи білім беру технологиялары» (2023ж.) мастер-класс Алдашева Г.Б. өткізді.

Біліктілікті арттыру-табысты жұмыстың кепілі.

Пед.ғ.м. Сыдық Л.С. Ұлыбритания, Швейцария, Польша және Литва университеттерінде педагогикалық диагностика және білім сапасын басқару бойынша ғылыми тағылымдамалардан өтті.

 Еуропа университеттерінде тағылымдамадан өткен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары бар: гум.ғ.м. Егизбаева Л.Е. – Ұлыбританияда (Лондон, 07.07.14 – 07.11.14), пед.ғ. магистрлері Уркунова А.С. Нидерландыда (Лейден, 01.10.13 – 25.12.13), Сыдық Л.С. Швейцарияда (07.07.14 – 07.11.14) тағылымдамадан өтті.

Пед.ғ.м. Уркунова А. 2013 жылдың 1.10-25.12 аралығында DAAS (Dutch Academic Services) ICLON-Leiden University, Нидерланды, «Білім беру мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Доцент Мустояпова А.С. Варшава қаласында Альчиде Гаспери Юзефове ат. Еуроаймақтық экономикалық университетінде (Польша) 2017 жылы және Синьцзян университетінде (Қытай ХР) Үрімші қ. 2014 жылы, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінде 2020 жылы тағлымдамадан өтті.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Кафедра оқытушылары «Медициналық ЖОО студенттерінің көптілділік құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде. Кафедра оқытушыларының Web of Science, Scopus, Springer, РИНЦ рецензияланатын журналдарында мақалалары жарияланған.

Соңғы 3 жылда инновациялық әзірлемелерге 17 авторлық куәлік алынды және ғылыми жұмыстың нәтижесін оқу процесіне ендірудің 2021ж.- 3, 2022ж.-4, 2023ж.-4 актілері бар.

Кафедра оқытушылары 2019-2021 жылдардағы «Шетел студенттеріне арналған ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде тілашар құрастыру» (мемлекеттік тіркеу нөмері №0119РКИ0268 ҒТӨРК ҒО) тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысын аяқтады. Нәтижесінде Алдашева Г.Б., Сәбитбекова М.М., Нұрсейтова Б.Ө. «Ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі тілашар» БҚМУ редакциялық баспа орталығынан басылымнан шықты.

«Шетелдік студенттерді бейімдеу және клиникалық пәндер оқытушылар құрамына ағылшын тілінде тілдік тәлімгерлік бағдарламасын оқыту» университетішілік ғылыми-зерттеу жұмысы грантының иегерлері (2019-2021жж) А.С. Уркунова және А.А. Купенова осы жобаның аға ғылыми қызметкерлері болып табылды.

«COVID-19: Научно-технологическое обоснование системы реагирования на распространение новых респираторных инфекций, включая коронавирусную инфекцию» тақырыбында Жилисбаева К.Р. ҒжБ министрлігінің ғылыми жұмыстар гранты бойынша жұмыс жасады. (2021-2023 жж).

Жилисбаева К.Р. «Применение аутоплазмы, обогащенной тромбоцитами для профилактики урологических осложнений у реципиентов почек» тақырыбында университетішілік гранты бойынша ғылыми жұмысын атқарды (2021-2023).

Жетістіктері

Кафедра оқытушылары білім және денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен елімізді дамытуға қосқан үлестері үшін ҚР министрліктерінен төсбелгілер, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен облыс және қала, университет көлеміндегі марапаттарға ие болды.

Университетте 34 жылдан астам еңбек өтілі бар еңбек ардагерлері Ерменова К.Қ., Мирманова Г.К., Абушахманова Г.Р., Абдуллина Л.Н., Сабитбекова М.М. ұжым құрметі мен шәкірттер алғысына бөленген ұстаздар.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Абдуллина Л.Н. (2021ж.) және үздік еңбектерімен танылған кафедра оқытушылары Ерменова К.Қ., Мирманова ГШ.К., Абушахманова Г.Р., Канлыбаева А.У., Абдиргазиева А.Б., Сабитбекова М.М., Алдашева Г.Б. «Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды (2022ж.).

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (ДСМ) «Құрмет грамотасымен» 2019 жылы аға оқытушы Сабитбекова М.М., 2023 жылы Қаңлыбаева А.У. және ҚР ДСМ «Алғыс хатымен» 2012 жылы Абдуллина Л.Н., 2014 жылы Алдашева Г.Б., 2023 жылы Сабитбекова М.М., Утаргалиева Ш.Ш., Молдашева Л.Ж., Қожабекова Ж.Қ. марапатталды.

Облыс әкімінің «Алғыс хатымен» 2023 жылы Егизбаева Л.Е. марапатталса, 2019 жылы Абдиргазиева А.Б. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамотасына» иеленді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» 2020 жылы Ерменова К.Қ., 2017 жылы Мустояпова А.С. марапатқа ие болды.

Гум.ғ. магистрі К. Р. Жилисбаева ҚР БҒМ қаржыландыратын гранттық ғылыми жобаның және университетішілік жобаның қатысушысы болды (2021-2023).

ҚР «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты республикалық байқауда 2022 жылы Утаргалиева Ш.Ш. – «Үздік тіл оқытушысы» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен, төс белгімен, Молдашева Л. Ж. “Тіл жанашыры” диплом және төс белгісімен марапатталды. 2022 жылы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық конкурста «Үздік публицистикалық шығарма» аталымы бойынша Молдашева Л.Ж. ІІ орын және Қожабекова Ж.Қ. «Үздік поэзиялық шығарма» аталымы бойынша ІІ орын иегері атанды.

Фил. магистрі Қожабекова Ж.Қ. бірнеше мәрте мәдениет саласындағы жетістіктері үшін марапатталды. «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгі, 2023 жылы Қ.Тоқаевтың «Алғыс хатын», Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қошанов Е. «Алғыс хатын» және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері атанды.

Байланыс

Тілдер кафедрасы Ақтөбе қаласы, Маресьева көшесі 68, Бас ғимараттың 4-5 қабаттарында орналасқан, кафедра жетекшісінің кабинеті №523.

tilder@zkmu.kz kazakh.tili@zkmu.kz orys.tili@zkmu.kz agylshyn.tili@zkmu.kz

Фотогалерея