Корпоративтік коммуникация қызметі — ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізетін құрылымдық бөлімше.
Мақсаты — университеттің тыныс-тіршілігі, атқарылып жатқан жұмыстар, өткізілетін шараларды және имидждік материалдар әзірлеп, оқу орнының ресми сайты мен әлеуметтік желілеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялап, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу.
Атқаратын функциясы — университет басшылығы, кафедра, қызмет, орталық жетекшілері мен қызметкерлердің, профессор-оқытушылар құрамының шаралар барысында және белгілі бір атаулы даталар, тақырыптар бойынша БАҚ өкілдеріне сұхбаттар ұйымдастырып, қамтамасыз ету.
Шаралардың ресми ақпараттарын редакциялап, БАҚ-қа жолдау.
Ректордың, проректорлардың (қатысуымен өтетін ауқымды және халықаралық, республикалық, өңірлік және жергілікті маңызы бар, атаулы даталарға орай өтетін ауқымды іс-шараларға қатысып, ақпараттық жұмыстарын жүргізу.
Ескерту: куратор сағаттары (тәрбие сағаты), ашық сабақтар, кафедра күні, ғылыми үйірме отырыстары, кафедралық шараларға баспасөз қызметі қатыспайды.
Ұлықпанов Сағымбек Мұхамбетсадықұлы – қызмет жетeкшісі
Кулеш Сағынбек Нұрымбетұлы – маман
Чапаева Жанар Шыныбекқызы – маман