Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері

Комплаенс-офицер қызметінің негізгі мақсаты университеттің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;

2) “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады;

3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;

4) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.

Комплаенс-офицер: Избасаров Нурхан Жаманкулович

Байланыс телефоны: 8 (777) 50 50 200

E-mail: compliance@zkmu.kz

№ 2 оқу ғимараты, каб. 130