«Мейіргер ісіндегі көшбасшылық» тақырыбында оқыту семинары мен мастер-класстар – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Мейіргер ісіндегі көшбасшылық» тақырыбында оқыту семинары мен мастер-класстар

25 ақпаннан 1 наурыз аралығында Назарбаев Университетінің медициналық мектебі базасында «ProInCa» жобасы аясында «Мейіргер ісіндегі көшбасшылық» тақырыбында оқыту семинары мен мастер-класстар өтуде.
  Аталған шара БҚММУ және Лахти қолданбалы ғылымдар университетінің (Финляндия) ұйымдастыруымен өтілуде.
  Семинар мақсаты – мейіргер ісіндегі көшбасшылық бойынша оқыту құралдарын іс жүзінде қолдануды сынау; мейіргер ісіндегі көшбасшылық позицияларын ұлғайту және денсаулық сақтау саласындағы мейірбикелердің жаңа рөлін айқындай түсу мақсатында мейіргер – көшбасшылар ассоциациясын құру.
  Семинар қатысушылары: ҚР емдеу-профилактикалық мекемелерінің бас және аға мейірбикелері, «ProInCa» жобасының қатысушы- жоғары оқу орындары және ҚР медициналық колледждері оқытушылары.
  Барлық қатысушылар семинар аясында екі университеттік Сертификатын иеленеді.