Рейтинг және аккредиттеу

Аккредиттеу – ЖОО-ның қызмет сапасын толықтай немесе жекелеген білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін мойындау мақсатында аккредиттеу органы арқылы бағалайтын үдеріс. Аккредиттеу келесі түрлерге бөлінеді:
институционалдық аккредиттеу;
мамандандырылған аккредиттеу.
Институционалдық аккредиттеу – Марат Оспанов атындағы БҚМУ қызмет сапасын мәлімделген мәртебеге және аккредиттеу органы тағайындаған стандарттарға сәйкестігін аккредиттеу органы арқылы бағалау процесі.
Мамандандырылған аккредиттеу – Марат Оспанов атындағы БҚМУ іске асырылатын жеке білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау.
Ақпарат көзі: http://www.iaar.kz/ru/accreditation-ru