Клиникалық эпидемиология секторы қызметінің негізгі мақсаты: өткізілетін ғылыми зерттеулерді клиникалық эпидемиология мен дәлелді медицина қағидаларына сәйкес сапасын арттыра отырып, алынған мәліметтерді уақытылы және сапалы эпидемиологиялық талдау. Клиникалық эпидемиологияның мақсаты – жүйелі және кездейсоқ қателіктердің ықпал етуін кепілді бағалау арқылы әділ қорытынды шығару мүмкіндігін беретін клиникалық бақылау әдістерін әзірлеу және қолдану.
Бөлім қызметкері ғылыми зерттеулерді жоспарлау кезінде эпидемиологиялық талдау мәселелері бойынша ғылыми қызметкерлерге, соның ішінде ПОҚ-на, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарға кеңес береді.
Клиникалық эпидемиология секторының негізгі міндеттері: ғылыми жұмысты жоспарлау кезінде эпидемиологиялық талдау сұрақтары бойынша ғылыми қызметкерлерге, магистранттар мен докторанттарға кеңес беру және тақырыпты бекіту үшін клиникалық эпидемиология және биостатистика секторының қорытындысын беру.
Сектор қызметкері:
– клиникалық эпидемиология бойынша зерттеулерді талдауға кеңес беруді жүргізеді;
– ЖОО ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде клиникалық эпидемиология зерттеулерінің дұрыс жүргізілуіне бақылауды ұйымдастырады;
– университет қызметкерлерін клиникалық эпидемиология зерттеулері бойынша қолданыстағы ережелермен таныстырады, зерттеу жүргізу кезінде көмек ұсынады;
– клиникалық эпидемиология бойынша зерттеулерді таңдау, зерттеу және бағалаудың жүргізілуін басқарады;
– университет қызметкерлеріне клиникалық эпидемиология зерттеулерінің әдістерін таныстыру жұмыстарын жүргізеді.
Зерттеулерді талдау нәтижелері бойынша магистранттар, докторанттар мен зерттеушілерге «ҒЗЖ/PhD докторы/магистр академиялық дәреженің ізденісіне диссертация тақырыбын бекітуге биостатистика және клиникалық эпидемиология секторының тұжырымы» беріледі (1-ші сілтеме).