Erasmus + бағдарламасына қатысу ProInCa «Мейірбике саласындағы жоғары білімнің инновациялық әлеуетін көтеру» – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Erasmus + бағдарламасына қатысу ProInCa «Мейірбике саласындағы жоғары білімнің инновациялық әлеуетін көтеру»

 ERASMUS Еуропалық Одақтың Шығыс Еуропаның, Орталық Азияның, Батыс Балканның және Жерорта теңізінің серіктес елдеріндегі жоғары білім беруді жаңғыртуды қолдауға бағытталған, негізінен университеттер арасындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын бағдарламалардың бірі болып табылады. ERASMUS жобалары шеңберінде консорциумдар негізінен университеттерден немесе олардың бірлестіктерінен, сондай-ақ академиялық емес серіктестерден тұрады.

      Назарбаев Университетінің медицина мектебінің  базасында,  7-9 желтоқсан күндері Erasmus + жобасының ProInCa «Мейірбике саласындағы жоғары білімнің инновациялық әлеуетін көтеру» алғашқы семинары өтті. Жобаны Финляндияның қолданбалы ғылымдар университеті бастады. Құттықтау сөзін Финляндияның  Қазақстандағы Елшісі Микко Кивикосский,  Назарбаев Университетінің  проректоры  Илесами  Адесита сөйледі. Кездесу барысында жобаның негізгі кезеңдері, шолу,  жобаны насихаттау және тарату жоспары ұсынылды. Жобаның мамандарымен 4 жұмыс тобы ұсынылған. Кездесуге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігінің, 4 еуропалық университеттің, Назарбаев Университетінің медициналық мектебінің және 4 қазақстандық медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты: Астана қаласының медициналық университеті; М.Оспанов атындагы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті; Семей медицина университеті мен Қарағанды медициналық университеті. Сондай-ақ медициналық колледждер мен Республика медбикелерінің қауымдастығы ұсынған серіктес өкілдері қатысты.