«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Құрылыс, ағымдағы және күрделі жөндеу бөлімінің жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Құрылыс, ағымдағы және күрделі жөндеу бөлімінің жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Құрылыс, ағымдағы және күрделі жөндеу бөлімінің жетекшісі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Құрылыс, ағымдағы және күрделі жөндеу бөлімінің жетекшісі лауазымына жоғары кәсіптік білімі, мамандығы бойынша инженерлік-техникалық және басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес тұлға тағайындалады.

Функционалдық міндеттері:

Құрылыс, ағымдағы және күрделі жөндеу бөлімінің жетекшісі:

  1. Университеттің құрылысына, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына басшылық жасау.
  2. Университет объектілерін салу және жөндеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуын ұйымдастыру және бақылау.
  3. Бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға, ҚНжЕ-ге, құрылыс-монтаждау жұмыстары мен аяқталған құрылыс объектілерін өндіру мен қабылдаудың техникалық шарттарына сәйкес құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысын қадағалауды қамтамасыз ету.
  4. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын тексеру.
  5. Құрылыс нормалары мен ережелеріне, стандарттар мен техникалық шарттарға, қауіпсіздік ережелері мен ережелеріне, өндірістік санитарияға және өртке қарсы қорғауға сәйкестігін тексеру мақсатында жаңа объектілерді салу жобаларын қарауды ұйымдастыру.
  6. Жедел жұмыс бойынша бөлімге есеп беретін құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру.
  7. Қажетті шарттарды уақтылы жасасу шараларын қабылдау.
  8. Қажет болған жағдайда үй-жайларды жөндеуді ұйымдастыру, орындалған жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау.
  9. Жобалық шешімдердің тиімділігін, өндірісті уақтылы және сапалы дайындауды, жабдықты техникалық пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды қамтамасыз етуге қатысу.
  10. Техникалық жаңалықтарды, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды, озық тәжірибелерді дамыту бойынша жұмыстарды жүргізу.
  11. Жедел жоспарлауды, ағымдағы өндіріс есебін жетілдіру бойынша шараларды әзірлеуді ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

1) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

2) Жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары.

3) Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары.

4) Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда). Университеттің жұмыскерлері үшін ғылыми еңбектерді ғылым хатшы растайды.

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

9) Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.

10) Университетте жұмыс жасайтын жұмыскерлер жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді.

11) 20 файлдық-бет папка.

Жарияланған күні: 28 тамыз 2023 жыл.

Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., бас ғимарат, 105- кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail: hr@zkmu.kz