Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ өндірістік тәжірибе бөлімінің жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Өндірістік тәжірибе бөлімі жетекшісінің лауазымына жоғары білімі және магистр академиялық дәрежесі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
Бөлім жетекшісі:
- Өндірістік тәжірибе бөлімі туралы ережеге сәйкес бөлім жұмысын жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға;
- Құзыреттерді қалыптастыру, педагогикалық және білім беру технологиялары, коммуникативтік дағдылар, университеттің профессор-оқытушылар құрамының қашықтан білім беру технологиялары бойынша білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге (семинарлар, тренингтер, шебер кластар, дөңгелек үстелдер, курстар және т.б.);
- профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық құзыретін мониторингілеуді ұйымдастыруға;
- Бөлім қызметі бойынша ақпарат ұсынуға;
- Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеуге және талдауға, оларды енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуге;
- ESG стандарттарының талаптарына сәйкес сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін іске асыруға;
- ПОҚ инновациялық-педагогикалық технологияларды енгізу және пайдалану бойынша жұмыс мониторингін жүзеге асыруға;
- Білім беру модулін өткізу мамандарды тартуға;
- Оның қызметіне байланысты міндеттерді шешу үшін уақытша шығармашылық ұжымдарды қалыптастыруды ұйымдастыруға міндетті.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
- Университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді;
- Файл парақтары бар папка.
Жарияланған күні: 07 наурыз 2023 жыл.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail: hr@zkmu.edu.kz