«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің жетекшісі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің жетекшісінің лауазымына жоғары техникалық білімі және инженер лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

Функционалдық міндеттері:

  • Бөлім құзыретіне кіретін перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және орындалуын бақылайды.
  • Бөлім Ережесі жобасын әзірлейді, қарамағындағы қызметкерлердің міндеттерін анықтайды және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.
  • Университетте ақпаратты кешенді қорғау бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады.
  • Бөлім қызметіне жататын мәселелер бойынша жедел сұрақтарды, кіріс және шығыс хат-хабарларды қарайды, өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қояды.
  • Университет басшылығының коммерциялық құпияны сақтау бойынша және бөлім қызметіне қатысты құпиялық режимді сақтаудағы шешімдерді орындауды қамтамасыз етеді
  • Ұжымда қажетті еңбек жағдайларын және қолайлы моральдық-психологиялық климатты құруға ықпал етеді. Бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.
  • Басшының жазбаша өкімімен бөлім қызметінің бағыттары бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына қатысады.
  • Университеттің нормативтік құжаттарына сәйкес құпиялық талаптарын сақтау.
  • Бөлімнің жылдық және тоқсандық жоспарларына сәйкес жұмыстарды уақтылы және сапалы орындау, сондай-ақ жоспарлы жекелеген бағыттар бойынша және басшылықтың өкімі бойынша жұмыстарды орындау.
  • Университетте ақпаратты кешенді қорғау жұмыстарын және техникалық шараларын енгізуді ұйымдастыру.
  • Ақпаратты қорғау бойынша нормативті талаптардың сақталуын бақылау.
  • Бөлімнің өкілеттігі шегінде жобаларды, бағдарламаларды, жоспарларды және келісім-шарттарды орындау кезінде әдістемелік және практикалық көмек көрсету, бизнес-жоспарды құруға қатысу.
  • Бөлімнің ғылыми-техникалық білімін арттыру бойынша жұмыстарын ұйымдастыру.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  • Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
  • Университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді;
  • Файл парақтары бар папка-20 парақ.

Жарияланған күні: 05 қыркүйек 2023 жыл.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25 e-mail: hr@zkmu.kz