Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ ақпараттық-аналитикалық бөлімнің жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Жетекші лауазымына жоғары кәсіптік білімі (медициналық немесе экономикалық) мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар не басшы лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
Ақпараттық-аналитикалық бөлімінің жетекшісі:
- Алынған ақпаратты жинау, бағалау және талдау, сондай-ақ практикалық ұсыныстар әзірлеу мақсатында ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізу.
- Бөлім жетекшісына өз қызметінің нәтижелерін қорытындылау және есеп беру.
- Университеттің ақпараттық ресурстарын басқару бойынша ұсыныстар енгізу.
- Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелеріне, уәкілетті мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға хат алмасуды жүргізуге және сұрау салуларды жіберуге қатысу.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
- Университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді;
- Файл парақтары бар папка-20 парақ.
Жарияланған күні: 08 қараша 2024 жыл.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25 e-mail: hr@zkmu.kz