Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Адами ресурстарды басқару департамент жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Адами ресурстарды басқару департамент жетекшісінің лауазымына жоғары заң білімі және персоналды басқару саласындағы басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе персоналды басқару саласында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
Адами ресурстарды басқару департаментінің жетекшісі:
- Сеніп тапсырылған бөлімшелерге білікті басшылық жасауды, олардың қызметін үйлестіруді және Департаменттің өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелерінің лауазымдық міндеттерін тиімді іске асыруды қамтамасыз ету.
- Департаментті лауазымдардың біліктілік талаптарына және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасақтауды, университет кадрларын іріктеу мен орналастыруды бақылау және үйлестіру.
- Кадр саясатын қалыптастыру, оның негізгі бағыттарын айқындау және оны іске асыру жөніндегі жұмысты басқару. Университеттің кадр стратегиясын, кадр мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады.
- Қызметкерлердің кадрлық есебін, кадрлық құжат айналымын және кадрлық резервті бақылау.
- Департамент бөлімшелеріне консультациялық көмек көрсету.
- Университет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспарын әзірлеу мен іске асыруды үйлестіру.
- Профессор-оқытушылар құрамын аттестаттаудан өткізу процесін, оның нормативтік және ақпараттық қамтамасыз етілуін бақылау, конкурстық комиссияның шешімін іске асырады.
- Қызметкерлерді мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттауға беруді үйлестіру және бақылау.
- ҚР заңнамалық актілерінің және ҚР Үкіметінің қаулыларының, Басқарма Төрағасы – университет ректорының кадр саясаты және персоналмен жұмыс мәселелері жөніндегі бұйрықтары мен өкімдерінің сеніп тапсырылған құрылымдық бөлімшелерінің орындалуын бақылау.
- Университеттің уәкілетті органдары мен басшылығына Есептіліктің, ақпараттың белгіленген түрлерінің уақтылы жасалуын қамтамасыз ету және бақылау.
- Университет қызметкерлерін материалдық және материалдық емес ынталандыру жүйесі бойынша ұсыныстар енгізу.
- Университеттің ұйымдық құрылымын және штат кестесін әзірлеуге қатысу.
- Жоғары тұрған басшылыққа және бөлімше басшыларына кадр мәселелері бойынша кеңес беру.
- Қазіргі заманғы кадрлық жұмысты енгізу негізінде персоналды басқару процестерін үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету.
- Департамент қызметкерлері арасында жүктемені бөлу, университеттің кадрларды есепке алу бөлімінің, клиникалардың кадрлары мен персоналды дамыту бөлімінің қызметін басқару мен үйлестіруді жүзеге асырады.
- Мемлекеттік құпияларды қорғау желісі бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
- Университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді;
- Файл парақтары бар папка-20 парақ.
Жарияланған күні: 08 қараша 2024 жыл.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25 e-mail: hr@zkmu.kz