«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ cапа менеджменті жүйесінің қызметі жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ cапа менеджменті жүйесінің қызметі жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос лауазымның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ сапа менеджменті жүйесі қызметінің жетекшісі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Сапа менеджменті жүйесі қызметінің жетекшісі лауазымына жоғары білімі және бөлім бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, сапа менеджменті жүйесі саласында білімі бар, ЖОО-да ISO 9001-2015 стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасын әзірлеуде және енгізуде тәжірибесі, аудит жүргізу тәжірибесі бар тұлға тағайындалады.

Функционалдық міндеттері:

Сапа менеджменті жүйесі қызметінің жетекшісі:

  1. Стандарттардың талаптарына және бекітілген ішкі құжаттамаларға сәйкес университет ұсынатын білім беру және медициналық қызметтердің сапасын бақылау бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру.
  2. Сапа саясаты мен мақсаттарын әзірлеуді ұйымдастыру.
  3. Әр қызметкерге Сапа саясаты мен Мақсаттарын жеткізуді қамтамасыз ету.
  4. МС ИСО 9001:2015 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін қолдауды қамтамасыз ету.
  5. СМЖ ішкі аудитін өткізуді ұйымдастыру.
  6. Сапа менеджменті жүйесі процестерінің өзара әрекеттесуін талдау.
  7. Сапа менеджменті жүйесі бойынша жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеу.
  8. Сапа менеджменті жүйесі құжаттарының басылымдарын ұйымдастыру және үйлестіру.
  9. Сапа менеджменті жүйесі бойынша ішкі аудиторларды даярлауды қамтамасыз ету.
  10. СМЖ ішкі нормативтік құжаттарын, оның ішінде оларды жариялауды, келісуді, бекітуді, таратуды және өзектендіруді басқару.
  11. Бөлімшелерде жазба жүргізілуін бақылау.
  12. Ішкі тексерулер жүргізу процесін бақылау.
  13. Сәйкес келмейтін өнімді басқару процесін бақылау.
  14. Түзету әрекеттерінің жүргізілуін бақылау.
  15. Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау және қайта сертификаттау мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыста болу.
  16. Басшылық тарапынан сапа менеджменті жүйесін талдау үшін материалдар дайындауды ұйымдастыру.
  17. Ішкі тексерулер нәтижесінде анықталған, сондай-ақ СМЖ нәтижелілігін талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын сәйкессіздіктерді жою бойынша түзету іс-қимылдарын әзірлеуге және жүзеге асырылуын бақылауға қатысу.
  18. СМЖ саласында персоналдың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  19. ИСО стандарттарының талаптарын ескере отырып, ішкі аудиторлардың құрамына үміткерлерді іріктеу.
  20. Сапа саласында туындайтын проблемалардың шешімін қамтамасыз ету.
  21. ЖОО институционалдық аккредиттеуге және білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуге дайындық кезінде өзін-өзі бағалау процесін ұйымдастыру.
  22. ЖОО қызметі мен білім беру бағдарламаларының аккредиттеуден кейінгі мониторингін жүргізу процесін ұйымдастыру.
  23. Мамандарды даярлау бағыттары мен деңгейлері бойынша ЖОО рейтингін өткізу процесін ұйымдастыру.
  24. СМЖ тиімділігін арттыру мақсатында персонал қызметін ынталандыру нысандары туралы басшылыққа ұсыныстар әзірлеу.
  25. Оның жауапкершілігіндегі материалдық және ақпараттық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
  26. Ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау.
  27. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау.
  28. Ішкі еңбек тәртіп қағидасын сақтау.
  29. Осы лауазымдық нұсқаулықтың талаптарын сақтау міндетті.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

  1. Басқарма төрағасы-ректордың атына өтініш;
  1. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. Жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  3. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. Маман сертификаты/ клиникалық қызметке кафедраның бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының болуы (клиникалық кафедралар үшін);
  5. Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда). Университет жұмыскерлері үшін ғылыми еңбектердің тізімін ғылыми хатшы растайды;
  6. № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.
  7. Нысан бойынша психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.
  9. Нысан бойынша психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  10. Нысан бойынша наркологиялық ұйымнан анықтама;
  11. Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;
  12. Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер.
  1. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне және т.б. қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
  2. Университетте жұмыс жасайтын жұмыскерлер бөлім жетекшісінің мінездемесін қоса береді.
  3. Түйіндеме
  4. 20 файлды папка

 

Жарияланған күні: 19 қазан 2023 жыл.

Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылу қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail:hr@zkmu.kz