Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Экономика және жоспарлау департаментінің жетекшісі
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Экономика және жоспарлау департаментінің жетекшісі лауазымына жоғары экономикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар не басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
Экономика және жоспарлау департаменті жетекшісі:
1) Департаментке басшылықты жүзеге асырады, оның құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелердің қызметін бақылайды және өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді.
2) Университеттің өндірістік-шаруашылық қызметін кешенді экономикалық талдау бойынша ЭжЖД және оның құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру.
3) Университет бөлімшелерінің жоспарлы тәртіпті сақтауына жүйелі бақылауды ұйымдастыру.
4) Университет жұмысының барлық өндірістік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша уақтылы экономикалық есепке алуды қамтамасыз ету.
5) Басқа бөлімшелердің басшылығымен өзара әрекеттесу.
6) ЭжЖД және оның құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жоспарлау, міндеттерді қызметкерлер арасында олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес бөлу.
7) Университеттің даму жоспары мен сатып алу жоспарын әзірлеу үшін ақпарат жинау мен талдауды бақылау:
- дамыту жоспары мен сатып алу жоспарын қалыптастыру және бекіту жұмыстарын үйлестіру;
- қаржы-шаруашылық қызметінің нақты көрсеткіштері мен есептік мәліметтерін талдау;
- шығындардың жоспарлы нормативтерін әзірлеуді ұйымдастыру (материалдық, қаржылық, еңбек);
- жоспарланған жылға құрылымдық бөлімшелердің деректер, мәліметтер және ресурстар қажеттілігінің есептеулерін ұсынуға сұрау салады.
8) Тиісті құрылымдық бөлімшелерге ақпарат беруді қамтамасыз ету:
- жоспарлы көрсеткіштерді тиісті құрылымдық бөлімшелерге жеткізуді қамтамасыз ету;
- ЭжЖД құзыретінің мәселелері бойынша құжаттардың жобаларын әзірлеуге басшылық ету, ұйымдастыру және қатысу (ішкі есептіліктің үлгілік нысандары, әдістемелік материалдар), оларды жасау және ұсыну тәртібін регламенттеу;
- басқару шешімдерін қабылдау үшін университет басшылығына ұсыныстар әзірлеу мақсатында университеттің және құрылымдық бөлімшелердің қаржылық-экономикалық талдауын жүргізу процесін ұйымдастыру және басқару.
9) Университеттің даму жоспары мен сатып алу жоспарының орындалуын ұйымдастыру:
- университеттің даму жоспарының кіріс және шығыс көрсеткіштерінің орындалуын бақылау;
- университеттің сатып алу жоспарының көрсеткіштерін орындау бойынша бақылау;
- даму жоспары мен сатып алу жоспарының кіріс бөлігі мен шығыс бөлігі шығындарының баптары бойынша ауытқуларды талдау;
- тиісті шешім қабылданған және қаражатты жұмсау негізділігі (түзетулер) жағдайында даму жоспарына және сатып алу жоспарына түзетулер енгізуді қамтамасыз ету:
- ұсынылатын қызметтерге бағалар жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
- даму жоспары мен сатып алу жоспарының орындалуы бойынша есептіліктің жасалуын және ұсынылуын бақылау.
10) тиісті ақпараттық материалдарды ұсына отырып, университет басшылығының ЭжЖД құзыреті мәселелері бойынша өкімдерінің орындалмау және/немесе уақтылы орындалмау себептерін талдауды қамтамасыз ету.
11) университет көрсететін қызметтерге бағаларды қалыптастыру, келісу және бекіту рәсімдеріне жүйелі бақылауды жүзеге асыру.
12) университет ресурстарын оңтайлы пайдалану кезінде үнемдеу режимін қамтамасыз ету, тиімділік пен рентабельділікті арттыру, шығындар мен өнімсіз шығыстарды төмендету бойынша ұсынымдар әзірлеу және іс-шараларды іске асыруға қатысу.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болған жағдайда). Университет қызметкерлері үшін ғылыми еңбектерінің тізімін ғылыми хатшы растайды;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
- университетте жұмыс істейтін тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді.
- 20 файлысы бар папка
- Түйіндеме
Жарияланған күні: 12 шілде 2022 жыл.
Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7(7132) 54-69-25. e-mail: @zkmu.edu.kz