Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Медицина орталығының басшысының сапа жөніндегі орынбасары.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Медицина орталығының басшысының сапа жөніндегі орынбасарының лауазымына жоғары медициналық білімі, «денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы немесе «денсаулық сақтауды басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар немесе денсаулық сақтау ұйымдарында немесе денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болған тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
Медициналық орталық басшысының басшылығымен өз міндеттерін орындайды.
Өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің (бөлімшелердің) қызметіне білікті басшылықты қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін диагностикалық, емдік және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігіне бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Құрылымдық бөлімшелерге тікелей бағынатын бөлімшелер, кабинеттер мен зертханалар меңгерушілерінің қызметіне тікелей басшылықты жүзеге асырады.
Мамандандырылған бөлімшелер, кабинеттер, зертханалар жұмысының жай-күйін жоспарлы тексеру жолымен науқастарды тексерудің, емдеудің және күтудің уақтылы жүргізілуіне және сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады, кейіннен аурухана кеңесінде тексеру нәтижелерін талқылайды.
Медициналық орталықтың емдеу-диагностикалық бөлімшелерін жүйелі аралауды жүргізеді.
Медициналық құжаттаманы, әсіресе оларды жүргізу сапасы, пациенттерді тексеру мен емдеудің қолданылатын әдістері мен құралдарының дұрыстығы мен орындылығы, дәрігерлік тағайындауларды уақтылы және толық орындау бөлігінде үнемі тексереді.
Қазіргі деңгейде дәрігерлер мен медбикелердің ғылыми-практикалық конференцияларын, клиникалық-анатомиялық конференцияларды, семинарларды, науқастардың клиникалық талдауларын, науқастардың консультациялары мен консилиумдарын ұйымдастырады және өткізуді қамтамасыз етеді.
Науқастарды қабылдау және шығару, сондай-ақ басқа емдеу-профилактикалық мекемелерге ауыстыру тәртібін қамтамасыз етеді.
Басшының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарына тікелей бағынатын стационардың және медициналық орталықтың басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы тиісті есептілікті белгіленген мерзімде ұсынуды және статистикалық есепке алудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Жылдық және тоқсандық жоспарлар мен есептерді, сондай-ақ медициналық орталықтың емдеу қызметі туралы басқа да статикалық есептерді сапалы құрастыруды және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
Еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Ішкі еңбек тәртібінің талаптарының, белгіленген қағидалары мен нормаларының, аспаптардың, жабдықтар мен тетіктердің техникалық пайдаланылуының орындалуын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылайды.
Егер жұмылдыру тапсырмасы болса, жұмылдыру бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етеді.
Өндірістік өлшеу құралдарын тексеруді және калибрлеуді уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді.
Қауіпсіз еңбек тәсілдерін практикалық көрсете отырып, әрбір қызметкермен жеке жұмыс орнында бастапқы нұсқама жүргізуді, сондай-ақ жұмыстардың тікелей басшысы қайталап, жоспардан тыс және нысаналы нұсқама жүргізуді қамтамасыз етеді.
Қызметтің сапалық көрсеткіштерін жинауды және талдауды қамтамасыз етеді.
Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша анықталған ақаулар мен ауытқуларды жою бойынша түзету іс-қимылдарын әзірлейді.
Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесін жетілдіреді.
Университет сапасының саясаты мен мақсаттарын медициналық орталықтың әрбір қызметкеріне жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ішкі тексерулер нәтижесінде анықталған, сондай-ақ сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын сәйкессіздіктерді жою және алдын алу бойынша түзету және іс-қимылдарды әзірлеуге және олардың жүзеге асырылуын бақылауға қатысады.
Ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтайды.
Осы лауазымдық нұсқаулықтың талаптарын сақтайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
1) Басқарма төрағасы-ректордың атына жазылған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
5) маман сертификаты/ клиникалық қызметке жіберу және құрылымдық бөлімшенің бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының болуы (медициналық клиникалардың басқарушы лауазымдары үшін);
6) Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (болған жағдайда). Университет жұмыскерлері үшін ғылыми еңбектерінің тізімін ғылыми хатшы растайды.
7) № 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама;
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
10)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
11) Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне және т.б. қатысты қосымша ақпараттар беруге құқылы.
12) Университеттің штат жұмыскерлері үшін құрылымдық бөлімше жетекшісінің мінездемесі;
13) Түйіндеме
14) Қалың файл парақтары бар папка (20 парақ).
Жарияланған күні: 06 наурыз 2023 жыл.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылуы қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68, бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7(7132) 54-69-25. e-mail:hr@zkmu.edu.kz