Бос лауазымның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Медициналық орталық жетекшісінің шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Медициналық орталық басшысының шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына жоғары немесе арнаулы орта кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.
Лауазымдық міндеттері:
- Ұйымның бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен үй-жайларды өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау нормаларының қағидаларына сәйкес Шаруашылық қызмет көрсетуді және тиісті жай-күйді, сондай-ақ жабдықтардың (лифттердің, жарықтандырудың, жылыту, желдету жүйелерінің және т.б.) жарамдылығын бақылауды қамтамасыз етеді.
- Негізгі қорларды (ғимараттарды, сумен жабдықтау жүйелерін, ауа құбырларын және басқа да құрылыстарды) ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге, шаруашылық шығыстар сметасын жасауға қатысады.
- Үй-жайларды жөндеуді ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарын орындау сапасын бақылауды жүзеге асырады.
- Жиһазбен, шаруашылық Мүкәммалмен, инженерлік және басқарушылық еңбекті механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етеді, олардың сақталуын және уақтылы жөндеу жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады.
- Қызмет көрсетуге, кеңсе керек-жарақтарын, қажетті шаруашылық материалдарын, жабдықтар мен мүкәммалды алуға және сақтауға шарттар жасасу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді ұйымдастырады. Олардың құрылымдық бөлімшелерін, сондай-ақ олардың шығыстарының есебін жүргізуді және белгіленген есептілікті жасауды қамтамасыз етеді.
- Шаруашылық мақсаттар үшін бөлінетін материалдар мен қаражаттың ұтымды жұмсалуын бақылайды.
- Делегацияны және қызметтік іссапарларға келген адамдарды қабылдауды, тіркеуді және оларға қажетті қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
- Абаттандыру, көгалдандыру, аумақты жинау, ғимараттардың қасбеттерін, өту жолдарын мерекелік көркемдеу бойынша жұмыстарға басшылық етеді.
- Өткізілетін кеңестерге, конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
- Табельдік есепке алуды ұйымдастыру, түскі үзілістер кезінде қызметкерлерді ұтымды тамақтандыру, демалыс кестелерін және жұмыс күн тәртібін жасау бойынша жұмыстарды орындайды.
- Өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын және өрт мүкәммалын жарамды күйде ұстауды қамтамасыз етеді.
- Байланыс құралдарын, есептеу және ұйымдастыру техникасын енгізу бойынша шаралар қабылдайды.
- Ішкі тексерулер нәтижесінде анықталған, сондай-ақ сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын сәйкессіздіктерді жою және алдын алу бойынша түзету және алдын алу іс-қимылдарын әзірлеуге және жүзеге асырылуын бақылауға қатысады.
- Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесін жетілдіреді.
- Оған ведомстволық бағынысты бөлімшелердің әрбір қызметкеріне сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды жеткізуді қамтамасыз етеді.
- ИСО 9001: 2015 МС талаптарына сәйкес басқару жүйесін қолдайды.
- Ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтайды.
- Осы лауазымдық нұсқаулықтың талаптарын сақтайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- түйіндеме;
- жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- құрылымдық бөлімшенің бейіні бойынша маман сертификатының/клиникалық қызметке рұқсаттың және дәрігерлік санат сертификатының көшірмелері;
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда). Университет қызметкерлері үшін ғылыми еңбектер тізімін ғылыми хатшы куәландырады;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
- Қатты файл парақтары бар папка – 20 бет.
- университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың сипаттамасын қоса береді;
Жарияланған күні: 19 ақпан 2024 ж
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеАҚ. Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 68. Бас ғимарат, 105-кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25, e-mail: hr@zkmu.kz