«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ-ның кафедра ассистенттері мен оқытушыларының бос лауазымдарына орналасу туралы хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ-ның кафедра ассистенттері мен оқытушыларының бос лауазымдарына орналасу туралы хабарландыру

№ п/п

Бос лауазымның атауы

Штат бірлігінің саны

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар

1.       

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы

2

Оқытушы (ассистент) лауазымына жоғары кәсіптік білімі, ғылыми-педагогикалық тәжірибесі немесе мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе академиялық магистр дәрежесі бар адам жұмыс өтіліне қойылатын талаптарды ұсынбай тағайындалады. Ағылшын тілін білу сертификаты қажет.

Клиникалық кафедралар үшін маман сертификаты/оқытылатын пән бойынша клиникалық қызметке рұқсат талап етіледі, оқытылатын пән бейіні бойынша медициналық санаттың болғаны жөн.

2.       

Жаратылыстану- ғылыми пәндер кафедрасының оқытушысы

2

3.       

Медициналық және биологиялық химия кафедрасының оқытушысы

5

4.       

Оперативті хирургиямен қалыпты және топографиялық анатомия кафедрасының оқытушысы

1

5.       

Қалыпты физиология кафедрасының оқытушысы

1

6.       

Фармакология кафедрасының оқытушысы

1

7.       

Гистология кафедрасының оқытушысы

3

8.       

Эпидемиология кафедрасының оқытушысы

1

9.       

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы

2

10.   

Дәлелді медицина және ғылыми менеджмент кафедрасының оқытушысы

3

11.   

Хирургиялық және балалар стоматологиясы кафедрасының ассистенті

3

12.   

Оториноларингология, офтальмология кафедрасының ассистенті

1

13.   

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті

2

14.   

№ 1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті

1

15.   

№ 2 Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті

1

16.   

Жедел және шұғыл медициналық көмек кафедрасының ассистенті

1

17.   

Жалпы хирургия кафедрасының ассистенті

1

18.   

Неонатологиямен №1 балалар аурулары

кафедрасының ассистенті

1

19.   

Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасының ассистенті

1

20.   

Фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасының ассистенті

2

21.   

Онкология кафедрасының ассистенті

1

22.   

Инфекциялық аурулар және балалар инфекциясы кафедрасының ассистенті

2

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

1) кандидаттың мемлекеттік/орыс тіліндегі фотосуреті бар түйіндеме, қажет болған жағдайда ағылшын тілінде;

2) Өмірбаян;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) жоғары білімі, академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары);

5) қайта даярлау туралы куәліктің көшірмелері және біліктілікті арттыру туралы куәлік болған кезде (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары);

6) маман сертификатының/клиникалық қызметке рұқсаттың көшірмелері (клиникалық кафедралар үшін);

7) болған жағдайда кафедра пәндерінің бойынша дәрігерлік санат сертификатының көшірмелері (клиникалық кафедралар үшін);

8) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (Университет қызметкерлері үшін ғылыми еңбектер тізімін ғылыми хатшы куәландырады);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша Психоневрологиялық ұйымнан құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген анықтама не нотариат куәландырған көшірме;

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша наркологиялық ұйымнан құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген анықтама не нотариат куәландырған көшірме;

11) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

12) конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне, ғылыми жарияланымдар тізіміне, сертификаттарға, дипломдарға және т.б. қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.);

13) университеттің штаттық қызметкерлері үшін құрылымдық бөлімше басшысының мінездемесі;

14) университеттің штаттық қызметкерлері болып табылмайтын кандидаттар үшін соңғы жұмыс орнынан қызметкердің мінездемесі;

15) тығыз файл парақтары бар қалта (20 парақ).

 

Жарияланған күні: 23 қараша 2023 жыл.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде университеттің ресми интернет – сайтында ұсынылуы тиіс.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ. Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105-кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail: hr@zkmu.kz