№ п/п | Бос лауазымның атауы | Штат бірлігінің саны | Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар |
1. | Оториноларингология, офтальмология кафедрасының басшысы | 1 | 1) Кафедра басшысы лауазымына жоғары кәсіптік білімі бар, ғылыми дәрежесі / академиялық PhD дәрежесі бар, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, кафедра бейіні бойынша ғылыми жарияланымдары бар тұлға, уәкілетті орган ұсынған жарияланымдар және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдар. Ағылшын тілін меңгеру сертификатының болғаны жөн.
2) Клиникалық кафедралар үшін маман сертификаты/оқытылатын пән бойынша клиникалық қызметке рұқсат қажет, оқытылатын пәні бойынша жоғары медициналық санаттың болуы қажет. |
2. | Жедел және шұғыл медициналық көмек кафедрасының басшысы | 1 | |
3. | Радиология кафедрасының басшысы | 1 | |
4. | №1 хирургиялық аурулар кафедрасының басшысы | 1 | |
5. | Оперативті хирургиямен қалыпты және топографиялық анатомия кафедрасының басшысы | 1 |
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:
1) кандидаттың мемлекеттік/орыс тіліндегі фотосуреті бар түйіндеме, қажет болған жағдайда ағылшын тілінде;
2) Өмірбаян;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жоғары білімі, академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары);
5) қайта даярлау туралы куәліктің көшірмелері және біліктілікті арттыру туралы куәлік болған кезде (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары);
6) маман сертификатының/клиникалық қызметке рұқсаттың көшірмелері (клиникалық кафедралар үшін);
7) болған жағдайда кафедра пәндерінің бойынша дәрігерлік санат сертификатының көшірмелері (клиникалық кафедралар үшін);
8) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (Университет қызметкерлері үшін ғылыми еңбектер тізімін ғылыми хатшы куәландырады);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша Психоневрологиялық ұйымнан құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген анықтама не нотариат куәландырған көшірме;
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша наркологиялық ұйымнан құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген анықтама не нотариат куәландырған көшірме;
11) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
12) конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне, ғылыми жарияланымдар тізіміне, сертификаттарға, дипломдарға және т.б. қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.);
13) университеттің штаттық қызметкерлері үшін құрылымдық бөлімше басшысының мінездемесі;
14) университеттің штаттық қызметкерлері болып табылмайтын кандидаттар үшін соңғы жұмыс орнынан қызметкердің мінездемесі;
15) тығыз файл парақтары бар қалта (20 парақ).
Жарияланған күні: 04 қазан 2023 жыл.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде университеттің ресми интернет – сайтында ұсынылуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ. Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105-кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail: hr@zkmu.kz