Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Отбасылық медицина клиникасының Бас дәрігері
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері лауазымына маман сертификаты, «Денсаулық сақтау менеджменті» немесе «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары немесе бірінші біліктілік санаты, басшылық лауазымдарда немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері:
1) емханада және үйде тіркелген халыққа көрсетілетін көмек туралы уақтылы және сапалы амбулаториялық-емханалық, стационарды ұсыну бойынша, сондай-ақ ОМК-қа жүгінетін клиенттерге емдеу-диагностикалық көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, бақылайды.
2) ОМК жұмысының тиімділігін, көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін арттыруды қамтамасыз етеді.
3) Жаңа техника мен технологияларды, еңбекті басқару мен ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын пайдалану, қызметтердің техникалық деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында озық тәжірибені зерделеу, өндірістік резервтерді ұтымды пайдалану және ресурстардың барлық түрлерін үнемді жұмсау негізінде ОМК өндірістік-шаруашылық қызметін ұйымдастырады.
4) Басқарма төрағасы – Ректордың тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарда ОМК-ны ұсынады.
5) Қызметті талдауды жүзеге асырады және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
6) Ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, аспаптарды, жабдықтарды және механизмдерді техникалық пайдалану ережелері талаптарының орындалуын бақылайды.
7) Басқарма Төрағасы-Ректорға бір жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп береді:
- клиникалық қызмет және ОМК материалдық-техникалық базасын дамыту туралы;
- келесі жылға арналған нақты іс-шараларды анықтайды;
- кадрлармен жұмыс, тұрақсыздық себептері және анықталған себептерді жою шаралары туралы ақпарат береді.
8) Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды.
9) Құрылымдық бөлімшелердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін қызметтерді дамытуға және жетілдіруге, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігіне бағыттайды.
10) Жалпы және инфекциялық сырқаттанушылықтың, еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалтумен сырқаттанушылықтың, мүгедектіктің және халықтың жалпы өлім-жітімінің алдын алуға және төмендетуге бағытталған іс-шараларды әзірлейді және жүргізеді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
4) маман сертификаты/ клиникалық қызметке жіберу және құрылымдық бөлімшенің бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының болуы;
5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда). Университеттің жұмыскерлері үшін ғылыми еңбектерді ғылым хатшы растайды;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
10) Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
11) Университетте жұмыс жасайтын жұмыскерлер жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді.
12) Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігерінің бос орнына орналасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар қосымша осы құрылымдық бөлімшенің даму көрінісі туралы презентация дайындауы тиіс.
Жарияланған күні: 01 ақпан 2023 жыл.
Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25 e-mail:hr@zkmu.edu.kz