«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ педагогигалық шеберлік орталығының жетекшісі бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ педагогигалық шеберлік орталығының жетекшісі бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ педагогигалық шеберлік орталығының жетекшісі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Педагогигалық шеберлік орталығының жетекшісі лауазымына жоғары білімі және магистр академиялық дәрежесі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

Функционалдық міндеттері:

Бөлім жетекшісі:

  • Педагогигалық шеберлік орталығы туралы ережеге сәйкес бөлім жұмысын жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға;
  • Педагогикалық құзыреттерді қалыптастыру, педагогикалық және білім беру технологиялары, коммуникативтік дағдылар, университеттің профессор-оқытушылар құрамының қашықтан білім беру технологиялары бойынша білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге (семинарлар, тренингтер, шебер кластар, дөңгелек үстелдер, курстар және т.б.);
  • профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық құзыретін мониторингілеуді ұйымдастыруға;
  • Бөлім қызметі бойынша ақпарат ұсынуға;
  • Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеуге және талдауға, оларды енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуге;
  • ESG стандарттарының талаптарына сәйкес сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін іске асыруға;
  • ПОҚ инновациялық-педагогикалық технологияларды енгізу және пайдалану бойынша жұмыс мониторингін жүзеге асыруға;
  • Білім беру модулін өткізу мамандарды тартуға;
  • Оның қызметіне байланысты міндеттерді шешу үшін уақытша шығармашылық ұжымдарды қалыптастыруды ұйымдастыруға міндетті.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

  1. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  3. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  8. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
  9. Университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді;
  10. Файл парақтары бар папка.

 

Жарияланған күні: 07 наурыз 2023 жыл.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail:hr@zkmu.edu.kz