Бос лауазымның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ педагогикалық шеберлік және қашықтықтан технологиялар орталығының жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Педагогикалық шеберлік және қашықтықтан технологиялар орталығының жетекшісі лауазымына жоғары білімі, ғылым кандидаты/докторы ғылыми дәрежесі не магистр академиялық дәрежесі және ЖОО-да кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.
Лауазымдық міндеттері:
Педагогикалық шеберлік және қашықтықтан технологиялар орталығының жетекші:
1.1. Білім беру үдерісі бойынша сапа менеджменті жүйесін қолдайды және жақсартады.
1.2. Құжаттаманың барлық түрлерінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады, уәкілетті органдарға, басқарма төрағасы – университет ректоры мен проректорларға есептіліктің барлық түрлерінің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
1.3. Педагогикалық шеберлік және қашықтықтан технологиялар орталығының құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыруға ықпал етеді.
1.4. Есеп беретін бөлімшені жасақтайды, жұмыскерлер арасында жүктемені бөледі, Педагогикалық шеберлік және қашықтықтан оқыту технологиялары орталығының қызметіне басшылық пен үйлестіруді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- түйіндеме;
- жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- құрылымдық бөлімшенің бейіні бойынша маман сертификатының/клиникалық қызметке рұқсаттың және дәрігерлік санат сертификатының көшірмелері;
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда). Университет қызметкерлері үшін ғылыми еңбектер тізімін ғылыми хатшы куәландырады;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
- Қатты файл парақтары бар папка – 20 бет.
- университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың сипаттамасын қоса береді.
Жарияланған күні: 19 ақпан 2024
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеАҚ. Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 68. Бас ғимарат, 105-кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25 e-mail: hr@zkmu.kz