Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Практикалық дағдылар орталығы жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
- Орталық жетекшісі лауазымына жоғары медициналық білімі бар, ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар, білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымдарында не мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, негізгі мамандығы бойынша жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
ПДО жетекшісі:
- Өзіне жүктелген функцияларды орындау бойынша ПДО қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
- ПДО қызметкерлерінің нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.
- Университетте қауіпсіздік техникасы, санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының сақталуын, жұмыс жүргізу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылайды.
- Орталықтың қызметі саласындағы Университеттің жұмысын реттейтін нормативтік, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың әзірленуін ұйымдастырады және бақылайды.
- ПДО материалдық базасын: зертханаларды, үй-жайларды, арнайы медициналық жабдықтарды, аппаратуралар мен аспаптарды, техникалық құралдарды ұйымдастыруды, жарақтандыруды, сақтауды және ұтымды пайдалануды жүзеге асырады.
- ПДО-да оқыту процесін ұйымдастыруды, шұғыл медицинада, функционалдық диагностикада, хирургияда және т. б. түрлі медициналық іс-шараларды орындау кезінде манекендерде білім алушылардың практикалық дағдыларын игеру және пысықтау процесін қамтамасыз етеді.
- ПДО қызметін жоспарлауды ұйымдастырады.
- Өзіне сеніп тапсырылған бөлімшеде өндірістік өлшеу құралдарын тексеру мен калибрлеудің уақтылы жүргізілуін бақылайды.
- Университеттің еңбек тәртібін сақтайды.
- Осы лауазымдық нұсқаулықтың талаптарын сақтайды.
- Ғылыми басылымдарда ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін жариялаумен республикалық және шетелдік ғылыми-практикалық конференциялардың жұмысына қатысады.
- Кадрларды іріктеуге, ПДО қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға қатысады, ПДО жұмысының жалпы нәтижелеріне қосқан жеке үлесін ескере отырып, қызметкерлерге еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру бойынша ұсыныстар енгізеді.
- және тағы басқа…
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
- Басқарма Төрағасы-Ректордың атына өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- Маман сертификатының/ кафедра бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының көшірмелері (клиникалық кафедралар үшін);
- Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса). Университет қызметкерлері үшін ғылыми еңбектерінің тізімін ғалым хатшы растайды;
- Денсаулық жағдайы туралы № 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан нысан бойынша анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан нысан бойынша анықтама;
- Сотталмағандығы туралы анықтама
- Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне және т. б. қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы
- Университетте жұмыс істейтін тұлғалар бөлім басшысының сипаттамасын қоса береді.
- Түйіндеме
Жарияланған күні: 18 қыркүйек 2023 жыл.
Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7(7132) 54-69-25. e-mail: @zkmu.kz