Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Адами ресурстарды басқару департамент жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік департамент жетекшісінің лауазымына жоғары кәсіптік білімі, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар адам тағайындалады. Мемлекеттік, орыс және шет тілдерін еркін меңгерген; нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын журналдарда жарияланымдардың болуы, магистранттардың/докторанттардың ғылыми жетекшілік ету тәжірибесі бар.
Функционалдық міндеттері:
Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік департаментінің жетекшісі:
Стратегиялық даму саласында:
1) университетті дамытудың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу, ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағдарланған қызметтің негізгі бағыттары бойынша университетті дамытудың стратегиялық бағдарламаларын қалыптастыру;
2) дамудың бағдарламалық құжаттарын өзектендіру және орындау бойынша университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, олардың орындалуын жедел басқару және бақылау, университеттің дамуына және қойылған мақсаттар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге әсер ететін ішкі ресурстарды, сыртқы факторларды талдау.
Сапа менеджменті саласында:
1) университетте сапа менеджменті жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
2) қызметтің негізгі бағыттары бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің рейтингтік бағалау жүйесін жетілдіру;
3) университет қызметінің бағыттары бойынша аккредиттеуден өту рәсімдеріне университеттің дайындалу және қатысу, республикалық және халықаралық рейтингтерге қатысу процестерін бақылау.
Халықаралық серіктестік саласында:
1) Департаменттің өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне білікті басшылықты қамтамасыз етеді.
2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының қолданыстағы сыныптауышына сәйкес университетте магистранттарды, докторанттарды даярлаудың оқу процесін ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз етеді.
3) бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен мамандықтар бойынша магистратураға және докторантураға тиісті қабылдауды қамтамасыз етеді.
4) шетелдік әріптестермен ынтымақтастық бағыттарын айқындайды, халықаралық және ұлттық білім, ғылым және денсаулық сақтау ұйымдарымен ынтымақтастық туралы шарттардың дайындалуын бақылайды.
5) отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен білім алушылардың академиялық ұтқырлық процесіне, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ПОҚ және университет қызметкерлерінің басқа білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарына іссапарға баруына бақылауды жүзеге асырады.
6) қолда бар ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері мен делегацияларын қабылдауды ұйымдастырады, шетелдік әлеуетті және жарамды әріптестермен хат алмасуды жүзеге асырады, халықаралық ынтымақтастық туралы хаттамалар мен шарттарға қол қоюды қамтамасыз етеді.
7) халықаралық және ұлттық ұйымдармен ынтымақтастықты ұйымдастыруға және өзара іс-қимылға байланысты осы бөлімшелердің сыртқы байланыстарына жауапты университет бөлімшелерінің қызметкерлеріне кеңес береді.
8) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, стратегиялық әріптестік және халықаралық серіктестік мәселелері бойынша есептер жасайды.
Департаменттің өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне білікті басшылықты қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
- Университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді;
- Файл парақтары бар папка-20 парақ.
Жарияланған күні: 17 наурыз 2023 жыл.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25 e-mail: hr@zkmu.edu.kz