«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасының жетекшісі бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасының жетекшісі бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос лауазымның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасының жетекшісі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Кафедра жетекшісі лауазымына жоғары кәсіптік білімі, ғылыми дәрежесі/PhD академиялық дәрежесі бар, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар, уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кафедра бейіні бойынша ғылыми жарияланымдары бар тұлға тағайындалады. Ағылшын тілін меңгеру сертификатының болуы құпталады.
  2. Клиникалық кафедраларға оқытатын пән бойынша клиникалық қызметке маман/рұқсат сертификаты, оқытылатын пән бейіні бойынша жоғары немесе бірінші дәрігерлік санаттың болуы қажет.

Функционалдық міндеттері:

  1. Кафедрадағы оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмысты тікелей басқарады, ұйымдастырады және бақылайды (клиникалық кафедралар үшін клиникалық жұмыстарды да басқарады).
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттарына, сондай-ақ университеттің бекітілген жоспарларына сәйкес кафедраның ағымдағы және перспективалық жұмысын жоспарлайды. Кафедраның оқу, ғылыми және басқа жұмыс жоспарларының, негізгі индикаторларының орындалуын қамтамасыз етеді.
  3. Даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша кафедраның даму стратегиясын әзірлейді.
  4. Мамандарды даярлау сапасының кафедра ішінде жүйесін әзірлейді. Жаңадан қабылданған қызметкерлердің тәлімгерлігін және бейімделуін қамтамасыз етеді.
  5. Оқу процесінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдарын айқындайды. Кафедраның барлық оқыту нысандары бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізуді ұйымдастырады.
  6. Оқу-әдістемелік, ғылыми, клиникалық (клиникалық кафедралар үшін) және тәрбие жұмыстарының жоспарланған және ағымдағы мәселелерін талқылау мәселелері бойынша кафедра отырыстарын өткізеді.
  7. Кафедра пәндері бойынша силлабустар мен бақылау-өлшеу материалдарын әзірлеуді қамтамасыз етеді.
  8. Кафедраның жұмыс жоспарын бекітеді. Кафедра қызметкерлері арасында педагогикалық жүктемені және функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады және олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды.
  9. Өз өкілеттіктері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және жағдайлар жасайды. Кафедрада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді.
  10. Білім алушылар мен кафедра қызметкерлерінің еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауын бақылайды.
  11. Кафедра ПОҚ бекітілген оқу сабақтарының кестесінің сақталуын бақылайды. Дәлелсіз себептермен сабақтардың үзілуіне жол бермейді, оқытушы болмаған жағдайда оларды ауыстыру немесе сабақтарды ауыстыру (ауыстыру) бойынша қажетті шаралар қабылдайды.
  12. Кафедра ПОҚ оқу пәндерін оқыту сапасын жүйелі түрде бақылайды. Сабақтарға өзара қатысуды және оқытудың озық әдістемелерімен алмасуды ұйымдастырады.
  13. Сертификаттар ұсына отырып, кафедраның ПОҚ-ның ағылшын тілін білу деңгейін жыл сайын арттыруды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

  • кандидаттың мемлекеттік/орыс тілінде, қажет болған жағдайда ағылшын тіліндегі фотосуреті бар түйіндеме;
  • автобиография;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы куәлітердің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалары);
  • маман сертификатының/клиникалық қызметке рұқсаттың көшірмелері (клиникалық кафедралар үшін);
  • бар болған жағдайда кафедра бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының көшірмесі (клиникалық кафедралар үшін);
  • бар болған жағдайда ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (Университет қызметкерлері үшін ғылыми еңбектер тізімін ғалым хатшы растайды);;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

  • Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді

білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.

  • университеттің штаттық қызметкерлері үшін құрылымдық бөлімше басшысының сипаттамасы;
  • университеттің штаттық қызметкерлері болып табылмайтын кандидаттар үшін соңғы жұмыс орнынан қызметкердің мінездемесі;
  • келесі бос лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға үшін: кафедра басшысы, факультет деканы және ғылыми бөлімше басшысы үшін үміткер бөлімшенің перспективалық дамуы туралы эссе.

Жарияланған күні: 14 ақпан 2023 ж.

Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7(7132) 54-69-25. e-mail: @zkmu.edu.kz