Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Халықаралық медицина факультетінің деканы.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Халықаралық медицина факультетінің деканы лауазымына жоғары медициналық білімі, ғылыми дәрежесі/PhD академиялық дәрежесі бар, басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі бар немесе кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық өтілі бар тұлға тағайындалады. Ағылшын тілін Intermediate деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеруі құпталады.
Функционалдық міндеттері:
- Халықаралық медицина факультетінің даму стратегиясын әзірлейді, жұмыс берушілермен, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларымен, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен, стратегиялық серіктестермен сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады.
- Білім беру бағдарламасының іске асырылуын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды.
- Тиісті ББ іске асыруға тартылған ПОҚ, Халықаралық медицина факультетінің ұжымы мен білім алушыларына басшылықты жүзеге асырады.
- Халықаралық медицина факультетінің білім алушыларын даярлау мамандықтарының бағыттары бойынша білім беру қызметтерінің нарығын және еңбек нарығын зерделейді.
- Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді.
- Университетке түсу кезінде талапкерлердің дайындық деңгейін бағалау үшін қабылдау комиссиясының жұмысына қатысады.
- Білім алушыларды қайта қабылдау және ауыстыру, оқудан шығару, оның ішінде тәртіптік жазалар үшін ақпарат ұсынады.
- Білім алушыларды емтихан сессияларына жіберуді жүзеге асырады. Курстық емтихандарды мерзімінен бұрын тапсыруға және қайта тапсыруға рұқсат береді.
- Білім алушыларды курстан курсқа ауыстыруға ұсыныс дайындайды.
- Бос мемлекеттік білім гранттарына, ректор стипендиясына, дербес мемлекеттік және өзге де стипендияларға ауысу бойынша конкурсқа қатысу үшін үміткерлерге ұсыныс дайындайды.
- ЖОЖ және ББ бойынша құзыреттілікті қалыптастыру үшін эдвайзерлерді/менторларды (кураторларды) тағайындау арқылы білім алушыларға академиялық кеңес беруді және қолдауды ұйымдастырады.
- Оқу тобы ЖОЖ және білім алушылар контингенті негізінде оқу топтарын, лектерді қалыптастырады.
- Қорытынды аттестаттауды жоспарлайды және ұйымдастырады: аттестаттау комиссиясының құрамын, емтихан алушылардың құрамын, апелляциялық комиссияның құрамын ұсыну.
- Білім алушылар мен түлектердің оқу жетістіктерін (есеп): семестр бойы сабаққа қатысуы мен үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелерін, оқу жетістіктерін сырттай бағалауды, апелляцияларды, емтихан тапсыру жиілігін және емтихандардағы сәтсіздіктерді, оқудан шығу себептерін талдайды.
- Түлектерді бөлу және жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.
- Ғылыми зерттеулер, ғылыми зерттеулер байланысы және білім беру саласындағы басым бағыттар негізінде білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының жылдық және перспективалық жоспарларын әзірлеу бойынша кафедралардың жұмысын үйлестіреді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
- Университетте жұмыс жасайтын жұмыскерлер жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді.
- 20 файылы бар папка
- Түйіндеме
Жарияланған күні: 25 шілде 2022 жыл.
Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-28. e-mail:hr@zkmu.edu.kz.