«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ халықаралық медицина факультетінің деканы лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ халықаралық медицина факультетінің деканы лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Халықаралық медицина факультетінің деканы.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Халықаралық медицина факультетінің деканы лауазымына жоғары медициналық білімі, ғылыми дәрежесі/магистр дәрежесі бар, басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі бар немесе кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық өтілі бар тұлға тағайындалады. Ағылшын тілін Intermediate деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеруі құпталады.

Функционалдық міндеттері:

  1. Халықаралық медицина факультетінің даму стратегиясын әзірлейді, жұмыс берушілермен, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларымен, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен, стратегиялық серіктестермен сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады.
  2. Білім беру бағдарламасының іске асырылуын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды.
  3. Тиісті ББ іске асыруға тартылған ПОҚ, Халықаралық медицина факультетінің ұжымы мен білім алушыларына басшылықты жүзеге асырады.
  4. Халықаралық медицина факультетінің білім алушыларын даярлау мамандықтарының бағыттары бойынша білім беру қызметтерінің нарығын және еңбек нарығын зерделейді.
  5. Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді.
  6. Университетке түсу кезінде талапкерлердің дайындық деңгейін бағалау үшін қабылдау комиссиясының жұмысына қатысады.
  7. Білім алушыларды қайта қабылдау және ауыстыру, оқудан шығару, оның ішінде тәртіптік жазалар үшін ақпарат ұсынады.
  8. Білім алушыларды емтихан сессияларына жіберуді жүзеге асырады. Курстық емтихандарды мерзімінен бұрын тапсыруға және қайта тапсыруға рұқсат береді.
  9. Білім алушыларды курстан курсқа ауыстыруға ұсыныс дайындайды.
  10. Бос мемлекеттік білім гранттарына, ректор стипендиясына, дербес мемлекеттік және өзге де стипендияларға ауысу бойынша конкурсқа қатысу үшін үміткерлерге ұсыныс дайындайды.
  11. ЖОЖ және ББ бойынша құзыреттілікті қалыптастыру үшін эдвайзерлерді/менторларды (кураторларды) тағайындау арқылы білім алушыларға академиялық кеңес беруді және қолдауды ұйымдастырады.
  12. Оқу тобы ЖОЖ және білім алушылар контингенті негізінде оқу топтарын, лектерді қалыптастырады.
  13. Қорытынды аттестаттауды жоспарлайды және ұйымдастырады: аттестаттау комиссиясының құрамын, емтихан алушылардың құрамын, апелляциялық комиссияның құрамын ұсыну.
  14. Білім алушылар мен түлектердің оқу жетістіктерін (есеп): семестр бойы сабаққа қатысуы мен үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелерін, оқу жетістіктерін сырттай бағалауды, апелляцияларды, емтихан тапсыру жиілігін және емтихандардағы сәтсіздіктерді, оқудан шығу себептерін талдайды.
  15. Түлектерді бөлу және жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.
  16. Ғылыми зерттеулер, ғылыми зерттеулер байланысы және білім беру саласындағы басым бағыттар негізінде білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының жылдық және перспективалық жоспарларын әзірлеу бойынша кафедралардың жұмысын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

  1. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  3. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  8. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
  9. Университетте жұмыс жасайтын жұмыскерлер жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді.
  10. 20 файылы бар папка

Жарияланған күні: 13 қыркүйек 2023 жыл.

Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-28. e-mail:hr@zkmu.kz.