Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ халықаралық серіктестік, жобалар және академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Халықаралық серіктестік, жобалар және академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекшісі лауазымына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, білім беру ұйымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, халықаралық қызмет саласында жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілін меңгерген тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
Халықаралық серіктестік, жобалар және академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекшісі:
1) Университеттің жарғысына және стратегиялық даму жоспарына, Ғылыми кеңестің шешімдеріне сәйкес Бөлім жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
2) Қызметкерлерге жұмыс жоспарын, университет басшылығының өздеріне жүктелген міндеттері мен тапсырмаларын орындау бойынша басшылықты жүзеге асырады.
3) Шетелдік серіктестермен корреспонденттік байланысты жүзеге асырады, халықаралық бағдарламалар саласында шарттар мен келісімдерге қол қоюды қамтамасыз етеді.
4) Халықаралық жобалар саласындағы қызметті ұйымдастыру бойынша шетелдік серіктестермен семинарлар, бейне-конференциялар ұйымдастырады және өткізеді.
5) Осы бөлімшелердің сыртқы байланыстарына жауапты оқу-ғылыми бөлімшелердің жетекшілеріне халықаралық бағдарламалар мен жобалар саласындағы қызметті дамыту және нәтижелілігі бойынша консультациялар береді, ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
6) Басқа жоғары оқу орындарының ғалымдарымен шығармашылық байланыс орнатады және ПОҚ, қызметкерлер мен шетелдік жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды тағылымдамаға жіберу бойынша ұсыныстар енгізеді.
7) ПОҚ мен студенттердің халықаралық жобалардағы жетістіктерін ақпараттандырады және насихаттайды, оларды көтермелеуге ұсынады.
8) Бөлім арқылы өтетін корреспонденциялар мен құжаттаманы орындау үшін жібереді.
9) Халықаралық жобалар саласындағы жоспарлардың орындалуын және жұмыс тәртібін бақылайды.
10) Басқа да …
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
1) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) Жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
8) Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
9) Университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді;
10) Түйіндеме;
11) Файл парақтары бар папка – 20, 30 парақ.
Жарияланған күні: 29 маусым 2022 жыл.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 – кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail:hr@zkmu.edu.kz