«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ заң бөлімі жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ заң бөлімі жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚзаң бөлімінің жетекшісі

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Заң бөлімінің жетекшісі лауазымына жоғары заң білімі және мамандығы бойыншакемінде 5 жыл еңбек өтілі бар тұлға тағайындалады.

Функционалдық міндеттері:

Заң бөлімінің жетекшісі:

  • Университет қызметіндегі заңдылықтың сақталуын және оның заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
  • Ұйым дайындаған бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің, стандарттар мен басқа құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді, оларға бұрыштама қояды, сондай-ақ қажет болған жағдайларда осы құжаттарды дайындауға қатысады.
  • Басқарма төрағасының қолданып жүрген заңнамасын бұза отырып шығарылған бұйрықтарын өзгерту немесе жою жөнінде шаралар қабылдайды.
  • Университет қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады.
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады.
  • Университеттегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізедіжәне олардың алдын алу шараларын үйлестіреді.

Заң бөлімінің жетекшісі:

  • Қолданыстағы заңнаманы түсіндіруді және оны қолдану тәртібін, университеттің құрылымдық бөлімшелеріне наразылық білдіру жұмыстары бойынша құқықтық көмек көрсетуді, сот органдарына қажетті материалдар дайындауды және беруді;
  • Құқықтық мәселелерді қарау кезінде университеттің соттағы, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы мүдделерін білдіруді, сот істерін жүргізуді жүзеге асыруды;
  • Жұмыскерлерге қызметіне қатысты құқықтық мәселелер бойынша заң жөніндекөмек көрсетуді және кеңес беруді;
  • Бөлімнің құрамын толықтыруды, бөлімнің заңгерлерін тағайындау мен босатуды үйлестіруді;
  • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрі қарай кадрлар бөліміне ұсынумен өз бөлімі жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарының жобаларына уақытында өзгертулер енгізуді(алып тастауды, өкілеттіктерді толықтыруды) қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

1)  жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2)  жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

3)  қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

8) Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.

9) Университетте жұмыс жасайтын жұмыскерлер жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді.

Жарияланған күні: 14 желтоқсан 2022 жыл.

Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25, e-mail:hr@zkmu.edu.kz