Жетекшісі: Сағынтай Айнұр Муслимқызы
Байланыс телефоны: 87473057631 / insta: @volunteer_zkmu
Мақсаты: «Медик-Волонтёр» ұйымы 2011 жылы «Мейірім» клубы ретінде құрылды. 2017 жылдан бастап бағыты медициналық болып өзгерді. Кейіннен ұйым «Медик-Волонтёр» аталды. Ұйым қатарында қазіргі таңда 150-ге жуық студент бар. «Медик-Волонтёр» студенттік ұйымы қайырымдылықпен айналысып, «Аутизм», «Антибиотиктер», «Темекі өнімдері мен электронды темекінің зияны», «Туберкулез» және т.б тақырыптарда тренингтер өткізеді, ұйым мүшелері «Облыстық Қан Орталығымен» бірлесіп донор болу үшін қан тапсырады, Қант диабетімен күрес, ЖИТС-ке қарсы күрес, қатерлі ісікке қарсы дайындық күніне арналған семинарлар өткізумен, қоғамдық жұмыстармен (сенбіліктер, балалар үйлері мен қарттар үйлеріне бару) және профилактикалық іс-шаралар өткізумен айналысады.
Ұйымның негізгі мақсаты – студенттердің бойында адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, болашақта білікті де білімді дәрігер ретінде қалыптасуы үшін теориялық, практикалық және әлеуметтік дағдыларын шыңдау.
Жетістіктері: «Медик-Волонтёр» Еріктілер ұйымы көптеген қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі алғыс хаттармен марапатталып келеді. Айта кетсек:
- 2018 жылы «Үздік волонтерлық топ» атанып, Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хатымен және жүз мың теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды.
- 2019 жылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жарқын болашақ» еріктілер тобының ұйымдастыруымен өткен «Спорт — жан серігі» атты спорттық сайысқа белсене қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
- 2022 жылы «Үздік волонтерлық топ» номинациясының иегері атанды.
- 2022 жылы Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы ЗБТ ұйымдастыруымен өткен #BIZBIRGEMIZ акциясына қатысып, жүлделі І орынмен марапатталды.
- 2022 жылы 17 қараша студенттер күніне орай Ақтөбе облысы Волонтерлар кеңесінің төрағасы Н.Ж.Жалғасбаев қоғамдағы маңызы зор волонтерлық қызметте белсенділік танытқандары үшін «Медик-Волонтёр» ұйымының мүшелерін алғыс хатпен марапаттады.
- 2023 жылы алғыс айту күніне орай Түркия еліне гуманитарлық жәрдем көрсеткені үшін ұйым мүшелері «More Life» қоғамдық қоры атынан алғыс хатпен марапатталды.
- 2023 жылы 03.03-04.03 аралығында Атырау қаласында өткізілген «Сенің сәтің» Республикалық студенттер форумына қатысып, алғыс хат иегері атанды.
- 2023 жылы сәуір айында елордада өткен «Қазақстан студенттер альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы «Meta MEET» XIX дәстүрлі Республикалық студенттер шақырылымына Ақтөбе облысы атынан «Медик-Волонтёр» ұйымының мүшелері қатысты (Жанаева М, Ербулек А, Қонысбай Р, Гарифуллин Д).
- 2023 жылы 08.12-12.12 аралығанда Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы және Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы ЗБТ ұйымдастыруымен ЖИТС алдын алу туралы семинар-тренинг өткізілді. 75 волонтер маманданған тренер атанып, алғыс хатпен марапатталды.
- «24 Хабар», «Қазақстан Ақтөбе» телеарналарында және облыстық «Актюбинский вестник», «Диапазон» газеттерінде біздің ұйымның жұмыстары туралы айтылды.