Білім беру бағдарламасының паспорты – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Білім беру бағдарламасының паспорты

Модульдік білім беру бағдарламасының мақсаты

 

 

Денсаулық сақтау басымдықтары мен саясатын әзірлеу үшін қоғамдық денсаулықты қорғау және нығайту, денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін, оның ішінде қауіптілігі жоғары халық топтарын зерделеу арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, қоршаған ортаның, халықтың еңбегі мен тамақтануының қауіпсіздігін Денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету болып табылатын құзыретті білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Берілетін дәреже/біліктілік

Денсаулық сақтау бакалавры

Бағдарламаны жасаушылар

Уразаева С.Т., Куантаева Л.В

Қолданысқа енгізілді

2020

Маман лауазымдарының тізбесі

Қоғамдық денсаулық сақтау маманы, профилактикалық медицина маманы, аудитор, сарапшы, пациенттерді қолдау қызметінің маманы, медициналық статистик

Кәсіби қызмет саласы

Қоғамдық денсаулық сақтау

Кәсіби қызметтің функциялары мен түрлері

 

– аурудың алдын алу, өмірді ұзарту және денсаулықты сақтау;

-мемлекет пен қоғамның бірлескен-ұйымдастырушылық күш-жігерінің есебінен халықтың оңтайлы тыныс-тіршілігінің жай-күйін қамтамасыз ету.