«Морфологиялық лаборатория» – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Морфологиялық лаборатория»

Гистология кафедрасындағы морфологиялық лаборатория 2019 жылдың қараша айынан бастап жұмыс жасайды.

Морфологиялық лабораторияның мақсаты және міндеттері:

  • аурулардың морфологиялық диагностикасының өзекті мәселелері бойынша ғылыми жұмыстар жүргізу.
  • аурулардың морфологиялық верификациясын жақсартуға бағытталған заманауи гистологиялық, гистохимиялық және иммуногистохимиялық және т.б. әдістерді тәжірибеге енгізу.
  • гистологиялық диагностиканың өзекті мәселелері бойынша білім жетілдіру курстарын, шеберлік кластарын ұйымдастыру.
  • білім алушылардың (бакалавриат, магистратура, докторантура) морфологиялық әдістер бойынша практикалық дағдыларын арттыруға арналған оқу тәжірибелік ортасы ретінде жұмыс жасау.
  • оқу процесіне қажетті гистологиялық микропрепараттар қорын дайындау.

Морфологиялық лабораторияның құрылымы:

  • заманауи сандық жарық микроскоптармен жабдықталған бөлме
  • зертхана бөлмесі
  • қызметкерлер бөлмесі
  • қойма бөлмесі

Нормативтік құжаттар:

  • Положение о кафедре гистологии (П ЗКМУ 65-02 от 16.01.2020г)
  • Инструкция по стандартным операционным процедурам морфологической лабораторий (И ЗКМУ 65-03 от 10.01.2020г.).
  • Перечень журналов деятельности морфологической лабораторий (от 16.01.2020г.)

Морфологиялық лабораторияның штаты:

  • гистология кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы
  • 1,0 ставка – аға ғылыми қызметкер
  • 1,0 ставка – лаборант

Морфологиялық лабораторияның құрал – жабдықтары қосымшамен ұсынылады (Қосымша 1)

Морфологиялық лабораторияда жасалып жатқан, енгізілген әдістер:

  • гистологиялық материалдарды гистологиялық өңдеуден өткізіп микропрепараттар дайындау:
  1. Аутопсиялық
  2. биопсиялық
  3. экспериментальды
  4. операциялық.
  • Гистологиялық микропрепараттарды бояу
  1. гематоксилин – эозин
  2. Ван Гизон
  3. темірлі гематоксилин
  4. алциан сары толуидин көгі
  5. Романовский Гимза.
  • Иммуногистохимиялық зерттеу әдісі:
  1. Ki67– маркер пролиферативной активности опухолевой клетки. 
  2. Her2 neu

Коммерциализация:

  1. Ғылыми зерттеу нәтижесін коммерциялизациялау мақсатында “Асқазан препараты мысалымен диагностикалық мақсатта гистологиялық материалдарды даярлау техникасы” тақырыбындағы ақылы шеберлік кластар жыл сайын өткізіліп жатыр.
  2. 2023жылда “Лабораториялық диагностикадағы гистологиялық зерттеу әдістерінің сұрақтары” тақырыбындағы ақылы негіздегі гистолог лаборанттарға арналған біліктілікті жетілдіру курсы өткізілді.
  3. 11.2023-09.12.2023жж аралығында білім жетілдіру курсы өткізілді: повышение квалификации специалистов со средним медицинским образованием РГКП «Центр судебных экспертиз Министерства юстиции Республики Казахстан» в соответствии договором о государственных закупках №183/ои от 17.11.2023

Ғылыми техникалық жобалар бойынша жұмыс:

– Уақытша жұмыс тобы ретінде бұйрық бойынша қызмет көрсету: факультет химии и химической технологии КазНУ им. аль-Фараби в рамках грантового финансирования проекта МОН РК АР08052780 «Разработка технологии получения новых вагинальных лекарственных форм на основе гидрофильных полимеров».

– Жұмыс тобының мүшесі ретінде: ҚР БҒМ 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми зерттеу жобасы: AP19676915 «Бұрғылау ерітінділері мен кесінділердің қауіптілігі мен уыттылығының токсикометриялық критерийлерін әзірлеу»

«Гистология» пәнін оқытуда оқу процесіне қажетті даярланған микропрепараттар:

  • Кіндік бау препараты. Бояуы гематоксилин және эозин. 100 штук;
  • Мишық препараты. Бояуы гематоксилин және эозин.100 штук;
  • Несепағар препараты. Бояуы гематоксилин және эозин. 50 штук.

Адам ағзасындағы мүшелердің қалыпты гистологиялық құрылысын сипаттайтын микропрепараттар цифрландырып, түсіндірмесімен бірге видеоконтент жасалды: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (300 видео).