Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің музейі – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің музейі

Музей жетекшісі:

Сейтжанова Гаухар Маралқызы

Білімі жоғары (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университет, 2000-2005жж.).

Кадрлық құрам:

Музейдің қор сақтаушысы: Кайрлиева Альбина Жуматайқызы

Музейдің қор сақтаушысы: Нурпеисова Рыскул Куянбайқызы

Құрылу тарихы:

Марат Оспанов атындағы БҚМУ музейі – оқу ордасының тарихи шежіресі мен болашақтағы даму жоспарынан сыр шертеді. 1997 жылы ашылған музей бұл күнде тарихи құнды дүниелермен толығып келеді. 67 жылдан астам тарихы бар оқу ордасының әрбір оқиғасы, жетістігі, жаңалығы музей қорында сақтаулы. Музей – тарих айнасы. Алыс-жақын шет елден келген профессорлар, қонақтар және де музейге келушілер ерекше әсер алады.

АқММИ музейін ашу туралы шешім 1996 жылдың басында Ғылыми кеңестің отырысында қабылданды. Арнайы комиссия құрылды, оның құрамына ректор, м.ғ.д., профессор Ж.Қ.Ордабаев, қалыпты анатомия кафедрасының профессоры – А.М.Гизатулина, м.ғ.д., әлеуметтік гигиена және денсаулықты ұйымдастыру курсының меңгерушісі, профессор – С.Х. Душманов, м.ғ.д., сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор – О.Н.Төребаев, қалыпты физиология кафедрасының жетекшісі – А.А.Утепбергенов, орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы – Р.Б.Шанова, студент дәрігері –Д.С.Дюсупова, суретші – көркемдеуші, дизайнер-Т.Б.Әуезов, қалыпты анатомия кафедрасының лобаранты – Г.И.Черемухина қатысты.

Музей 1997 жылдың 3 қазанында АқММИ-дің құрылғанына 40 жыл толуына орай ашылды. Музейдің ашылу салтанатының алғашқы лентасын АқММИ 1971- 1995 жылдар аралығында басқарған ректор, проф. А.С. Смағұлов кесті. Музейдің алғашқы меңгерушісі, негізін қалаушы, қалыпты анатомия кафедрасының профессоры – А.М.Гизатулина, қор сақтаушы Г.И.Черемухина болды.

Музейдің негізгі міндеттері мен қызметтері:

  • Музей заттық және рухани құндылықтарды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқару.
  • Музей экспонаттары мен коллекцияларын сақтау.
  • Медициналық жоғары оқу орындарының музейлері материалды жинап қана қоймай, сонымен қатар медицина ғылымына араласуға, медицина мамандығына деген сүйіспеншілікті дамытуға, ұстаздарды құрметтеуге, салт-дәстүрлерді дәріптеуге, қойылған жәдігерлер негізінде науқастарға жанашырлық көрсетуге бейімдейді.
  • М.Оспанов атындағы БҚМУ денсаулық пен ғылымдағы серпіні мен дамуының көрінісі.
  • Тәрбие жұмысы – студенттердің және жоғары оқу орындарының студенттерінің жалпы білім деңгейін көтеру (тарихи оқиғаларға және қазіргі ғылыми жетістіктерге байланысты медицинаның даму), көрнекті ғалымдардың мерейтойлық күндеріне арналған студенттерге және университет түлектеріне арналған экскурсиялар, көрмелер мен тақырыптық лекциялар өткізу.
  • Музей қорын жәдігерлермен толықтыру

Музей – университеттің мәдени дәстүр мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани – идеологиялық тәрбие беру орталығы. М.Оспанов атындағы БҚМУ музейі жеті жылдан бері ұйымдастырып келген «Артыңда із қалдыр» атты акциясы негізінде музей қоры құнды материалдармен толықтырылуда. Облыстық және қалалық музейлермен, университет кітапханасымен және мұрағатымен ынтымақтастық ұйымдастыруда.

Жетістіктері:

Сейтжанова Гаухар Маралқызы

Сертификат – «Мұражайлар туристтік көрсетілім объектісі ретінде» – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. М.Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – Қайта даярлау және біліктілікті арттыру, институт ректоры- С.Өмірбаев, Петропавл – 2017ж.

Сертификат – «Жоғары оқу орындарында музей ұйымдастыру. Музейдің функциясы және мақсаты» атты семинар. Астана медицина университет АҚ ректоры – М.З.Шайдаров, Астана – 2018ж.

Сертификат – «Н.Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» көшпелі көрме жобасының аясында өткен «Музей саласындағы ақпараттандыру» атты ғылыми-тәжірибелік семинар. «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директорының бірінші орынбасыры – А.Рахымжанов Ақтөбе – 2018ж.

Сертификат – Музей менеджменті, музей менеджменті мен маркетингінің теориясы мен тәжірибесі бойынша біліктілігін арттыру – прогресс орталығының бас атқарушы директоры В.А.Усов, Санкт-Петербург – 2018ж.

Алғыс хат және арнайы марапат – Марата Оспанова атындағы БҚМУ ректоры -Е.Ж.Бекмұхамбетов – 2019ж.

Алғыс – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбек үшін. ҚР Денсаулық сақтау Министрі – Е.Біртанов, Нұр-Сұлтан 2019ж.

Алғыс хат – «Білім тоғысуы: дәстүрлер, ынтымақтастық, инновациялар» атты 1-Халықаралық жастар симпозиумына белсенді қатысқаны үшін Басқарма төрағасы-ректор М.Қ.Телеуов – 2019ж.

Сертификат – Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы медицина қызметкерлерінің жетістіктеріне» арналған халықаралық ғылыми конференцияға қатысқаны үшін. Қазақстан-Ресей медицина университеті – ректоры, м.ғ.д., профессор Н.Т.Джайнакбаев, Алматы -2020ж.

Алғыс хат – Өңірдің қоғамдық-мәдени саласының дамуына сүбелі үлес қосып, «Тәуелсіз ел Елбасы жолымен…» атты 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне арналған салтанатты шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысқаныңыз үшін. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары – А.Купенов, 2021ж.

Алғыс хат – Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖК «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы жоғары медициналық колледжінің директоры – Кузбаков М. Ақтөбе – 2021ж.

Алғыс – «Медицина біліміндегі инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ресми, салтанатты түрде және ғылыми үрдестерді шебер сабақтастырып, өте жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізуге елеулі үлес қосқан үшін. Басқарма Төрағасы-Ректор А.Калиев, 2022ж.

Құрмет грамотасы – Марат Оспанов атындағы БҚМУ 65 жылдық мерейтойына орай университетіміздің дамуына қосқан үлесі үшін. Басқарма Төрағасы-Ректор А.Калиев,2022ж.

Сертификат – Дәстүр мен инновациядағы музей ісінің әдіснамасы мен тәжірибесі атты семина. «Орта-Инвест» ЖШС директоры – Есмагулов У.З. Астана -2023ж.

Сертификат – Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының «Ұлы Дала Елі» орталығында өткен «Музей қызметкерлерінің I Жазғы мектебі». Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі» орталығының директоры – Г.И.Дүйсенбаева, «Музей қызметкерлерінің I Жазғы мектебі» жобасының жетекшісі – Н.Ж.Жолбарыс, Түркістан -2023ж.

 

Музей университеттің бас ғимаратының 2-қабатында орналасқан (68 Маресьев көшесі); жалпы аумағы 270 ш.м., 5 көрме залы бар.

Байланыс: университеттің бас ғимаратының 2-қабатында орналасқан 213 кабинет.

Музей жетекшісі: Сейтжанова Гаухар Маралқызы тел: +77479933643,

Музейдің қор сақтаушысы: Кайрлиева Альбина Жуматайқызы тел: +77774373182

Музейдің қор сақтаушысы: Нурпеисова Рыскул Куянбайқызы тел: +77011320516

Электрондық пошта: museum@zkmu.kz