АРТА рейтингі – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


АРТА рейтингі

ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА СҰРАНЫСТЫҢ ТӘУЕЛСІЗ РЕЙТИНГІ -2024

ҚР жоғары оқу орындарына сұраныстың тәуелсіз рейтингі Қазақстандағы ең сенімді, объективті және уақытпен тексерілген рейтингтердің бірі болып табылады. 2014 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА/IAAR) рейтингі еліміздегі жоғары оқу орындары үшін танымал әрі маңызды оқиғаға айналды.

АРТА/IAAR жоғары оқу орындарын бағалаудың өзіндік әдістемесін жасады, ол аудиттен өтіп, IREG (Observatiry on Academik Ranking and Excellence) мақұлданып, «IREG Approved» жоғары сапа белгісін алды. Цифрлық рейтинг платформасы әрбір білім беру бағдарламасы мониторингінің төрт негізгі критерийіне негізделген және университеттерге деректерді өз бетінше енгізуге мүмкіндік береді, бұл бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін көрсетеді.

Рейтингті жүргізу кезіндегі маңызды көрсеткіштер: ПОҚ-ның сапалық құрамы және дарынды білім алушыларды тарту деңгейі, ғылыми-зерттеу әлеуеті, студенттер мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығы, жұмысқа орналасу және түлектерге сұраныс.

ҚР ЖОО-на сұраныстың тәуелсіз рейтингі-2024 мониторингі «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» (медицина) бағыты бойынша Марат Оспанов атындағы БҚМУ көшбасшы орынды иеленіп, келесі нәтижелерді көрсетті:

  1. Білім беру бағдарламаларының «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (Медицина)» бағыты бойынша ҚР ЖОО институционалдық рейтингісінде:
  1. Бакалавриат ББ топтары бойынша ҚР ЖОО рейтингі:
  1. Магистратура ББ топтары бойынша ҚР ЖОО рейтингі:
  1. Докторантура ББ топтары бойынша ҚР ЖОО рейтингі: