Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Халықаралық серіктестік, жобалар және академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекшісі
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар: Халықаралық серіктестік, жобалар және академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекшісі лауазымына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, халықаралық қызмет саласында еңбек тәжірибесі, білім беру ұйымдарында 5 жыл еңбек өтілі бар, мемлекеттік, қазақ және орыс тілдерін жетік меңгеретін тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
Халықаралық серіктестік, жобалар және академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекшісі:
1) Бөлімнің жұмысын университеттің жарғысы мен стратегиялық даму жоспарына, Ғылыми кеңестің шешімдеріне сәйкес жоспарлайды және ұйымдастырады.
2) Жұмыс жоспарын, оларға жүктелген міндеттерді және университет басшылығының нұсқауларын орындау бойынша қызметкерлерге басшылық етеді.
3) Шетелдік серіктестермен корреспонденттік байланысты жүзеге асырады, халықаралық бағдарламалар саласындағы шарттар мен келісімдерге қол қоюды қамтамасыз етеді.
4) Халықаралық жобалар саласындағы қызметті ұйымдастыру үшін шетелдік серіктестермен семинарлар, бейнеконференциялар ұйымдастырады және өткізеді.
5) Осы бөлімшелердің сыртқы байланыстарына жауапты оқу-ғылыми бөлімдерінің басшыларына халықаралық бағдарламалар мен жобалар саласындағы қызметті дамыту мен тиімділігі үшін кеңестер береді, ақпараттық қолдауды ұйымдастырады.
6) Басқа жоғары оқу орындарының ғалымдарымен шығармашылық байланыс орнатады және ПОҚ, қызметкерлер мен білім алушыларға шетелдік университеттерде тағылымдамадан өту туралы ұсыныстар енгізеді.
7) ПОҚ мен студенттердің халықаралық жобаларындағы жетістіктері туралы хабарлайды және насихаттайды, оларды мадақтау үшін алға шығарады.
8) Бөлім арқылы өтетін хат-хабарлар мен құжаттарды орындауға жібереді.
9) Халықаралық жобалар мен еңбек тәртібі саласындағы жоспарлардың орындалуын бақылайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
1) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) Жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
4) Маман сертификаты/ клиникалық қызметке жіберу және құрылымдық бөлімшенің бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының болуы;
5) Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда). Университеттің жұмыскерлері үшін ғылыми еңбектерді ғылым хатшы растайды;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/у (075/у) нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
10) Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
11) Университетте жұмыс жасайтын жұмыскерлер жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді;
12) 20 файылдары бар папка.
Жарияланған күні: 20 қаңтар 2022 жыл.
Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25
e-mail:hr@zkmu.edu.kz