«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Практикалық дағдылар орталығы жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Практикалық дағдылар орталығы жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Практикалық дағдылар орталығы жетекшісі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Орталық жетекшісі лауазымына жоғары медициналық білімі бар, ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар, білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымдарында не мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, негізгі мамандығы бойынша жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар тұлға тағайындалады.

Функционалдық міндеттері:

ПДО жетекшісі:

  1. Өзіне жүктелген функцияларды орындау бойынша ПДО қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
  2. ПДО қызметкерлерінің нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.
  3. Университетте қауіпсіздік техникасы, санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының сақталуын, жұмыс жүргізу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылайды.
  4. Орталықтың қызметі саласындағы Университеттің жұмысын реттейтін нормативтік, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың әзірленуін ұйымдастырады және бақылайды.
  5. ПДО материалдық базасын: зертханаларды, үй-жайларды, арнайы медициналық жабдықтарды, аппаратуралар мен аспаптарды, техникалық құралдарды ұйымдастыруды, жарақтандыруды, сақтауды және ұтымды пайдалануды жүзеге асырады.
  6. ПДО-да оқыту процесін ұйымдастыруды, шұғыл медицинада, функционалдық диагностикада, хирургияда және т. б. түрлі медициналық іс-шараларды орындау кезінде манекендерде білім алушылардың практикалық дағдыларын игеру және пысықтау процесін қамтамасыз етеді.
  7. ПДО қызметін жоспарлауды ұйымдастырады.
  8. Өзіне сеніп тапсырылған бөлімшеде өндірістік өлшеу құралдарын тексеру мен калибрлеудің уақтылы жүргізілуін бақылайды.
  9. Университеттің еңбек тәртібін сақтайды.
  10. Осы лауазымдық нұсқаулықтың талаптарын сақтайды.
  11. Ғылыми басылымдарда ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін жариялаумен республикалық және шетелдік ғылыми-практикалық конференциялардың жұмысына қатысады.
  12. Кадрларды іріктеуге, ПДО қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға қатысады, ПДО жұмысының жалпы нәтижелеріне қосқан жеке үлесін ескере отырып, қызметкерлерге еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру бойынша ұсыныстар енгізеді.
  13. және тағы басқа…

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

  1. Басқарма Төрағасы-Ректордың атына өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  5. Маман сертификатының/ кафедра бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының көшірмелері (клиникалық кафедралар үшін);
  6. Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса). Университет қызметкерлері үшін ғылыми еңбектерінің тізімін ғалым хатшы растайды;
  7. Денсаулық жағдайы туралы № 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
  8. Психоневрологиялық ұйымнан нысан бойынша анықтама;
  9. Наркологиялық ұйымнан нысан бойынша анықтама;
  10. Сотталмағандығы туралы анықтама
  11. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне және т. б. қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы
  12. Университетте жұмыс істейтін тұлғалар бөлім басшысының сипаттамасын қоса береді.
  13. Түйіндеме

 

Жарияланған күні: 29 қыркүйек 2021 жыл.

Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7(7132) 54-69-25. e-mail: @zkmu.edu.kz