«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Психология кафедрасы жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Психология кафедрасы жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Психология кафедрасының жетекшісі

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Психология кафедрасының жетекшісі лауазымына жоғары медициналық/психологиялық білімі бар, ғылыми дәрежесі/PhD академиялық дәрежесі бар, сондай-ақ клиникалық коммуникативтік дағдылар бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлігі/ клиникалық психология бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлігі бар, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кафедра бейіні бойынша ғылыми жарияланымдары бар тұлға тағайындалады. Ағылшын тілін меңгеру сертификатының болуы құпталады.

Функционалдық міндеттері:

  1. Кафедрадағы оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмысты тікелей басқарады, ұйымдастырады және бақылайды (клиникалық кафедралар үшін клиникалық жұмыстарды да басқарады).
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттарына, сондай-ақ университеттің бекітілген жоспарларына сәйкес кафедраның ағымдағы және перспективалық жұмысын жоспарлайды. Кафедраның оқу, ғылыми және басқа жұмыс жоспарларының, негізгі индикаторларының орындалуын қамтамасыз етеді.
  3. Даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша кафедраның даму стратегиясын әзірлейді.
  4. Кафедрада даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша білім беру қызметтерінің нарығын және еңбек нарығын зерделейді. Кафедра бейіні бойынша оқу процесін ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар қалыптастырады.
  5. Мамандарды даярлау сапасының кафедраішілік жүйесін әзірлейді. Жаңадан қабылданған қызметкерлердің тәлімгерлігін және бейімделуін қамтамасыз етеді.
  6. Оқу процесінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдарын айқындайды. Кафедраның барлық оқыту нысандары бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізуді ұйымдастырады.
  7. Оқу-әдістемелік, ғылыми, клиникалық (клиникалық кафедралар үшін) және тәрбие жұмысының жоспарланған және ағымдағы мәселелерін талқылау мәселелері бойынша кафедра отырыстарын өткізеді.
  8. Кафедра пәндері бойынша силлабустар мен бақылау-өлшеу материалдарын әзірлеуді қамтамасыз етеді.
  9. Кафедраның жұмыс жоспарын бекітеді. Кафедра қызметкерлері арасында педагогикалық жүктемені және функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады және олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды.
  10. Кафедраның жұмыс жоспарларын және кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітуге ұсынады. Кафедра жұмыс жоспарларының және кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Кафедра оқытушыларының жеке жоспарларының және қызметкерлердің өзге де жұмыс түрлерінің сапасы мен орындалуын бақылайды.
  11. Басқа да…

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

  • резюме с фотографией кандидата на государственном/русском языке, при необходимости на

английском языке;

  • автобиография;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары);
  • Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • Маман сертификаты/ клиникалық қызметке кафедраның бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының болуы (клиникалық кафедралар үшін);
  • Клиникалық кафедралар үшін кафедра бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының көшірмесі (бар болған жағдайда);
  • ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда). Университет жұмыскерлері үшін ғылыми еңбектердің тізімін ғылыми хатшы растайды;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитеті беретін есепке алу және арнайы есепке алу бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  • конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне қатысты қосымша ақпаратты, ғылыми жарияланымдардың тізімін, сертификаттарды, дипломдарды және т.б. ұсынуға құқылы.
  • Университеттің штаттық қызметкерлері үшін құрылымдық бөлімше жетекшісінің мінзедемесі;
  • университеттің штаттық қызметкерлері болып табылмайтын үміткерлдер үшіе соңғы жұмыс орнынан қызметкердің мінездемесі;
  • келесі бос лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға үшін: кафедра жетекшісі, факультет деканы және ғылыми бөлімше жетекшісі бос лауазымдарына орналасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар бөлімшенің перспективалық дамуы туралы эссе.

Жарияланған күні: 5 қазан 2021 жыл.

Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25.

e-mail:hr@zkmu.edu.kz