Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Отбасылық медицина кафедрасының жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
- Жоғары медициналық білімі (кафедра бейіні бойынша) бар – базалық медициналық білімі, отбасылық медицина бойынша резидентура/клиникалық ординатурасы, ғылыми не академиялық дәрежесі және/немесе ғылыми атағы бар, маман сертификаты, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады. Ағылшын тілін білуі құпталады.
Функционалдық міндеттері:
- Кафедра қызметін ұйымдастыруды, жоспарлауды және үйлестіруді жүзеге асырады.
- Кафедраның штаттық кестесін қалыптастырады және басшылыққа бекітуге ұсынады.
- Оқытушылар, медицина қызметкерлері және білім алушылар үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
- Қызметкерлерді ынталандыру және кафедраның материалдық-техникалық базасын дамыту бойынша қорды қалыптастыру үшін ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
- Отбасылық медицинаны, дәлелді практиканы қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру жобаларын әзірлеуге, іске асыруға және сүйемелдеуге қатысады.
- Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, клиникалық сынақтар нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша білім беру және консультациялық қызметтер көрсетуді ұйымдастырады.
- Науқастардың негізгі санаттарын жүргізу бойынша республикалық және жергілікті клиникалық нұсқаулар мен ұсынымдарды, стандарттарды әзірлеуге және енгізуге қатысады.
- Оқулықтарды, оқу құралдарын, әдістемелік ұсынымдарды жасауға жәрдемдеседі.
- Практикалық денсаулық сақтауға енгізу үшін отбасылық дәрігерлердің жұмысын оңтайландыру бойынша ұсынымдар әзірлейді.
- ПОҚ, дәрігерлер мен мейірбикелер үшін дәлелді практика мәселелері бойынша тренингтер, семинарлар, конференциялар, мастер-кластар өткізуді ұйымдастырады.
- және тағы басқа…
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
- кандидаттың мемлекеттік/орыс тіліндегі, қажет болған жағдайда ағылшын тілінде фотосуреті бар түйіндеме,
- өмірбаяны;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жоғары білім, академиялық немесе ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары);;
- қайта даярлау туралы куәліктің және бар болған жағдайда біліктілігін арттыру туралы куәліктің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары);
- маман сертификатының/клиникалық қызметке рұқсаттың көшірмесі (клиникалық кафедралар үшін);
- бар болған жағдайда кафедра бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының көшірмесі (клиникалық кафедралар үшін);
- бар болған жағдайда ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (Университет қызметкерлері үшін ғылыми еңбектер тізімін ғалым хатшы растайды);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитеті беретін есепке алу және арнайы есепке алу бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
- конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне, ғылыми жарияланымдарының тізіміне, сертификаттарына, дипломдарына және т.б. қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
- университеттің штаттық қызметкерлеріне арналған құрылымдық бөлімше басшысының мінездемесі;
- университеттің штаттық қызметкерлері болып табылмайтын кандидаттар үшін соңғы жұмыс орнынан қызметкердің мінездемесі;
- келесі бос лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға үшін: кафедра жетекшісі, факультет деканы және ғылыми бөлімше жетекшісі үшін болашақ бөлімшенің дамуы туралы эссе.
Жарияланған күні: 29 қыркүйек 2021 жыл.
Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7(7132) 54-69-25. e-mail: @zkmu.edu.kz