«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік департаменті жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік департаменті жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік департаментінің жетекшісі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік департаменті жетекшісінің лауазымына жоғары кәсіби білімі, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, білім беру ұйымында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлға тағайындалады. Мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін еркін меңгеруі; рецензияланатын нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда жарияланымдарының, магистранттардың/докторанттардың ғылыми жетекшілік ету тәжірибесінің болғаны құпталады.

Функционалдық міндеттері:

Департамент жетекшісі:

  • Стратегиялық даму саласында:
  • университеттің стратегиялық мақсаттары мен даму басымдылықтарын анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеуге, ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған қызметтің негізгі бағыттары бойынша университеттің стратегиялық даму бағдарламаларын қалыптастыруға;
  • бағдарламалық даму құжаттарын орындау және өзектендіру бойынша университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруге, олардың орындалуын жедел басқаруға және бақылауға, университеттің дамуына әсер ететін ішкі ресурстарды, сыртқы факторларды талдауға және қойылған мақсаттар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге.
  • Сапа менеджменті саласында:
  • университетте сапа менеджменті жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;
  • қызметтің негізгі бағыттары бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің рейтингтік бағалау жүйесін жетілдіруге;
  • университет қызметінің бағыттары бойынша аккредиттеуден өту рәсімдеріне университеттің дайындығы мен қатысуын, республикалық және халықаралық рейтингтерге қатысуын бақылауға.
  • Халықаралық серіктестік саласында:
  • департаменттің өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне білікті басшылықты қамтамасыз етуге.
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының қолданыстағы жіктеуішіне сәйкес университетте магистранттар мен докторанттарды даярлаудың оқу процесін ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз етуге.
  • бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен мамандықтар бойынша магистратура мен докторантураға тиісті қабылдауды қамтамасыз етуге.
  • шетелдік серіктестермен ынтымақтастық бағыттарын анықтауға, халықаралық және ұлттық білім беру, ғылым және денсаулық сақтау ұйымдарымен серіктестік туралы шарттардың дайындалуын бақылауға.
  • жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік аясында отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен білім алушылардың академиялық ұтқырлық, университеттің ПОҚ мен қызметкерлерін басқа білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарына іссапарға жіберу процесін бақылауды жүзеге асыруға;
  • шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері мен делегацияларын қолда бар ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес қабылдауды ұйымдастыруға, шетелдік әлеуетті және нақты әріптестермен хат алмасуды жүзеге асыруға, халықаралық серіктестік туралы хаттамалар мен шарттарға қол қоюды қамтамасыз етуге.
  • халықаралық және ұлттық ұйымдармен серіктесуі және өзара әрекеттесуіне байланысты, осы бөлімшелердің сыртқы байланыстарына жауапты университет бөлімшелерінің қызметкерлеріне консультация беруге.
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, стратегиялық серіктестік және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша есептер жасауға міндетті.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

  1. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  3. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  7. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
  8. Университетте жұмыс жасайтын жұмыскерлер жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді.
  9. Файл парақтары бар папка.

Жарияланған күні: 19 қазан 2021 жыл.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail:hr@zkmu.edu.kz