«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Пайдалану-шаруашылық бөлімі жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Пайдалану-шаруашылық бөлімі жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Пайдалану-шаруашылық бөлімінің жетекшісі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Пайдалану-шаруашылық бөлімінің жетекшісі лауазымына жоғары кәсіби білімі, инженерлік-техникалық және басшылық лауазымдарда өндірісті жедел басқару бойынша кемінде 3 жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

Функционалдық міндеттері:

Пайдалану-шаруашылық бөлімінің жетекшісі:

  • Университеттің шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады.
  • Ұйымның құрылымдық бөлімшелері орналасқан университеттің ғимараттары мен үй-жайларын өндірістік санитария және өрттен қорғау қағидалары мен нормаларына сәйкес шаруашылық қызмет көрсетуді және тиісті жағдайда күтіп ұстауды бақылайды, сондай-ақ құрал-жабдықтардың жарамдылығын бақылайды (жарықтандыру, жылу жүйелері, желдету және т.б.).
  • Университеттің шаруашылық қажеттіліктеріне бөлінген материалдар мен қаражат құралдарының ұтымды пайдаланылуын бақылайды.
  • Аумақты абаттандыру, көгалдандыру және тазарту жұмыстарына басшылық жасайды.
  • Құрылымдық бөлімшелердің есеп беретін ПЖД жұмысын үйлестіреді.
  • Қажетті шарттарды уақытында жасасу бойынша шаралар қабылдайды.
  • Қажет болған жағдайда үй-жайларға жөндеу жүргізуді ұйымдастыруға, орындалатын жөндеу жұмыстарының сапасына бақылау жасайды.
  • Өндірісті техникалық құжаттамамен, жабдықтармен, құралдармен, материалдармен, жинақтаушы бұйымдармен, көлікпен, тиеу-түсіру құралдарымен және басқалармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды тұтыну есебін жүргізуге және белгіленген есептілікті құруға жедел бақылауды ұйымдастырады; олардың қауіпсіздігін және уақытында жөнделуін қадағалайды.
  • Өндірістің барысын, өндірістің жай-күйі мен толықтығын, жұмыс орындарында белгіленген стандарттардың сақталуын, көлік құралдарын пайдаланудың ұтымдылығы және жөндеу-құрылыс жұмыстарының уақытылы орындалуын күнделікті жедел есепке алуды қамтамасыз етеді.
  • Университет бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруге, өндірістік процесс барысында бұзушылықтарды болдырмау және жою бойынша шаралар қабылдайды.
  • Тауар-материалдық құндылықтар шығындарын бақылауды және есебін қамтамасыз етеді.
  • Университеттің материалдық және еңбек ресурстарын үнемдеу режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Жобалық шешімдердің тиімділігін, өндірісті уақтылы және сапалы дайындауды, жабдықты техникалық пайдалану, жөндеу және жаңартуды қамтамасыз етуге қатысады.
  • Өндірістік жұмысты жоспарлауды мен есеп беруді басқарады.
  • Шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептерді уақтылы ұсынуды, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын сақтауды, құрылғылардың, жабдықтар мен механизмдердің техникалық пайдаланылуын, өрт қауіпсіздігі мен қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Университет бөлімшелерінің өзара талаптары мен шағымдарының орындалуын үйлестіреді, қуаттылықтардың, жабдықтардың және өндірістік алаңдардың толық және біркелкі жүктелу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында олардың алдыңғы жоспарлау кезеңіндегі қызметінің нәтижелеріне талдау жасайды.
  • Техникалық жаңалықтарды, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды, озық тәжірибені игеру жұмыстарын жүргізеді.
  • Жедел жоспарлауды, ағымдағы өндіріс есебін жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

1) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

2) Жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары.

3) Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары.

4) Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда). Университеттің жұмыскерлері үшін ғылыми еңбектерді ғылым хатшы растайды.

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

9) Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.

10) Университетте жұмыс жасайтын жұмыскерлер жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді.

11) 20 файлдық-бет папка.

Жарияланған күні: 25 сәуір 2022 жыл.

Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., бас ғимарат, 105- кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail: hr@zkmu.edu.kz