Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті»
КеАҚ Ақтау қаласындағы филиалының жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Филиал жетекшісінің лауазымына жоғары кәсіби білімі, денсаулық сақтау аясында басқарушылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар, «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
Бөлім жетекшісі:
- Университеттің Ақтау қаласындағы филиалына білікті басшылықты, олардың қызметін үйлестіруді және оған бағынысты қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге.
- Университеттің Ақтау қаласындағы филиалының жасақталуын лауазымдардың біліктілік талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бақылауға және үйлестіруге.
- өз өкілеттігі шегінде Ақтау қаласында университет атынан сенімхат бойынша әрекет етуге.
- Университет бекіткен жоспарларға сәйкес филиал қызметіне басшылық жасауға.
- Университеттің өндірістік мәселелерін шешу бойынша Ақтау қаласының түрлі ведомстволарымен және ұйымдарымен кәсіби қызметті және өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыруға (шарттарға қол қою, құжаттарға келісу және қол қою, іс-шараларда университет мүдделерін білдіру және т.б.).
- Университеттің мүддесі үшін Ақтау қаласының негізгі және стратегиялық серіктестерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға.
- Ақтау қаласындағы филиал жоспарларын белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз етуге.
- Директорлар кеңесі төрағасының, Басқарма төрағасы – ректордың сұратуы бойынша Ақтау қаласындағы филиал қызметінің мәселелері бойынша ақпаратты, есеп дайындауды жүзеге асыруға.
- Университеттің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қажетті басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға.
- Ақтау қаласындағы университет филиалының жұмысын тұрақты жетілдіруді қамтамасыз етуге.
- Университетті дамытуға және оның нарықтағы орнын нығайтуға;
- және басқаларға…міндетті.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
- Университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді;
- Файл парақтары бар папка.
Жарияланған күні: 16 ақпан 2022 жыл.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу қажет
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail:hr@zkmu.edu.kz