«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Қызылорда қаласындағы филиал жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Қызылорда қаласындағы филиал жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті»

КеАҚ Қызылорда қаласындағы филиалының жетекшісі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Филиал жетекшісінің лауазымына жоғары медициналық білімі, ғылыми дәрежесі, «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта даярлаудан немесе біліктілігін арттыру өткен құжаты және денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

Функционалдық міндеттері:

Филиал жетекшісі:

  1. Университеттің Қызылорда қаласындағы филиалына білікті басшылықты, олардың қызметін үйлестіруді және оған есеп беретін жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерін тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге;
  2. Филиалдың қызмет мәнінің, міндеттері мен функцияларының орындалуын ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге;
  3. лауазымдардың біліктілікке қойылған талаптарға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Университет филиалының Қызылорда қаласында жасақталуын бақылауға және үйлестіруге;
  4. Филиал қызметімен байланысты, сондай-ақ барлық заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға қатысты мәселелер бойынша соттарда, мемлекеттік органдарда Университеттің мүдделерін қорғау (меншік нысанына қарамастан);
  5. Басқарма Төрағасы-ректормен келісіп, филиалдың банктік шоттарын ашуға және жабуға;
  6. Университет атынан сенімхат бойынша Қызылорда қаласында өз өкілеттігі шегінде әрекет етуге;
  7. Филиал қызметіне университет бекіткен жоспарларға сәйкес жетекшілік етуге;
  8. Университеттің өндірістік мәселелерін шешу бойынша Қызылорда қаласының түрлі ведомстволарымен және ұйымдарымен кәсіби қызметті және өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыру (шарттарға қол қою, құжаттарды келісу және қол қою, іс-шараларда университет мүдделерін білдіру және т.б.).
  9. Университет мүддесі үшін Қызылорда қаласының негізгі және стратегиялық серіктестерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
  10. Қызылорда қаласындағы филиал жоспарларының іске асырылуын белгіленген мерзімде қамтамасыз етуге;
  11. Және тағы басқаларға міндетті.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

  1. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  2. Жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары.
  3. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары.
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
  7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
  8. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
  9. Университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса беред.
  10. Түйіндеме.
  11. Файл парақтары бар папка – 20, 30 парақ.

Жарияланған күні: 15 сәуір 2022 жыл.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 – кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25.

e-mail:hr@zkmu.edu.kz